Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет214/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДАМУ  ФАКТОРЛАРЫ  –  баланың 

психикалық  және  қылықтық  да-

муын анықтайтын факторлар жүйесі. 

Даму  факторы  тәрбиелеу,  оқыту, 

тәрбиешілер мен оқытушылардың пе- 

дагогикалық дайындықтарын, оқыту 

құралдары мен әдістерін және бала- 

ның  психологиялық  дамуына  әсер 

ететін  басқа  да  жағдайларды  қарас- 

тырады. Даму шарты – адамның да-

муына ықпал ететін факторлар (оның 

айналасындағы  бала  кезінен  қорша- 

ған  адамдар,  олардың  арасындағы 

қарым-қатынастар, материалдық жә- 

не рухтық, мәдени заттар мен құбы- 

лыстар  және  т.с.с.).  Дамудың  эво- 

люциялық теориясы – баланың пси- 

хикалық және қылықтық дамуында- 

ғы  үрдістердің  барлығы  генотиппен 

анықталады  және  ұрықта  болмаған 

нәрсенің  ешқайсысы  даму  кезінде 

көрініс бермейді деп түсіндіретін те-

ория. Сензитивтік кезең – адамдағы 

психологиялық қасиеттер мен қылық 

түрлерін  дамытуға  ыңғайлы  жағдай 

тудыратын адам өмірінің кезеңі.



ДАНЫШПАНДЫҚ – адамның ақыл-

ойы  мен  іс-әрекетінің  ең  жоғарғы 

дәрежеге  көтерілуі.  Данышпандық 

қасиет  –  адамның  жалпы  және  ар-

наулы  қабілеттерінің  жинақталып, 

ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет 

саласында  қол  жеткізуі.  Д.  –  бүкіл 

адамзаттың  игілігі  үшін  өшпес,  өл- 

шеусіз  еңбек  етіп,  ұлы  мәселелерді 

парасаттылықпен шеше алатын адам- 

ға тән психологиялық қасиет. Ақыл-

ойдың,  білімнің  молдығы,  кең  өріс- 

тілігі,  бүгінгі  ақыл-ой  жеткен  өреге 

сүйене отырып, келешекті болжау, ой 

қорытып, түйін жасау, ғылымның ке-

лер көкжиегінің жетер жерін анықтау- 

ға арналған ой-тұжырымы бар пара-

сатты адамдарды данышпан адам деп 

атайды.

Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет 

Иассауи,  Шоқан  Уәлиханов,  Абай 

сияқты әмбебап данышпан ғұламалар 

аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет