146
ҒАЙБАТТАУ – жеке адамның не
белгілі бір топтың жақсы қасиеттерін
көре алмаушылықтан туындайтын
ашу-ыза, қызғаныш эмоциясының
бірі. Мұнда басқалардың әлеуметтік
статусын, адамгершілік қадір-қасиет-
терін төмендету, біреуге орынсыз кү-
йе жағу мақсаты көзделеді. Ғ. – адам-
дардың ұнамсыз қасиеттерінің бірі.
Бұл көбінесе мәдениеті төмен шағын
топтар мен жеке адамдар арасында
кездесіп отыратын жағымсыз эмо-
циялық қалып.
ҒАРЫШТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –
шетсіз, шексіз әлем кеңістігі жағда-
йындағы адамның көңіл күйі мен
ерік-жігерінің, қажыр-қайратының
төзімділігі мен шыдамдылығын, ға-
рышта ұшу кезіндегі салмақсыздық
күйге түскен ғарышкердің ерек-
шеліктерін зерттейтін еңбек психо-
логиясының бір саласы. Ғ.п. ғарыш-
кер іс-әрекетінің әртүрлі экстремал-
ды факторларға тәуелділігін (салмақ-
сыздық, гиподинамикалық, салыс-
тырмалы сенсорлық депривация т.б.),
сондай-ақ ғарышқа ұшуға дайындық,
яғни түрлі жаттығу жұмыстарын
жүргізудің психологиялық мәселе-
лерімен айналысатын сала. Ғ.п. мә-
селелерін зерттеу – Байқоңырдай аты-
шулы орбиталық станциясы бар Қа-
зақ еліне де аса қажет. Ғ.п. авиация
психологиясы және дәрігерлік экспер-
тизамен тығыз байланысты.
ҒАШЫҚТЫҚ – адамдардың бір-
біріне кіршіксіз сезім мен қалтқы-
сыз сенімге негізделген махаббаты-
ның ең жоғарғы түрі. Ер мен әйел
арасындағы нәпсілік құмарлық ға-
шықтыққа жатпайды. Ғ-тың тыл-
сымдық сипаты бар. Ғ.- адам жараты-
лысының ішкі мазмұны, нағыз таза
рухани тіршіліктің көрінісі. Оны ма-
хаббаттың синонимі деп қарауға бол-
майды. Ғ. ұғымының махаббатпен
байланысын жеңіл-желпі түсінетін-
дер, оны орынсыз қолданатындар
өмірде кездесіп отырады. Мұндай
жағдайда олар ұлы Абайдың «ға-
шықтық пен құмарлық ол екі жол» де-
ген аталы сөзін есте ұстаулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: