ДАМУ ФАКТОРЛАРЫ – баланың
психикалық және қылықтық да-
муын анықтайтын факторлар жүйесі.
Даму факторы тәрбиелеу, оқыту,
тәрбиешілер мен оқытушылардың пе-
дагогикалық дайындықтарын, оқыту
құралдары мен әдістерін және бала-
ның психологиялық дамуына әсер
ететін басқа да жағдайларды қарас-
тырады. Даму шарты – адамның да-
муына ықпал ететін факторлар (оның
айналасындағы бала кезінен қорша-
ған адамдар, олардың арасындағы
қарым-қатынастар, материалдық жә-
не рухтық, мәдени заттар мен құбы-
лыстар және т.с.с.). Дамудың эво-
люциялық теориясы – баланың пси-
хикалық және қылықтық дамуында-
ғы үрдістердің барлығы генотиппен
анықталады және ұрықта болмаған
нәрсенің ешқайсысы даму кезінде
көрініс бермейді деп түсіндіретін те-
ория. Сензитивтік кезең – адамдағы
психологиялық қасиеттер мен қылық
түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай
тудыратын адам өмірінің кезеңі.
ДАНЫШПАНДЫҚ – адамның ақыл-
ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық
қасиет – адамның жалпы және ар-
наулы қабілеттерінің жинақталып,
ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет
саласында қол жеткізуі. Д. – бүкіл
адамзаттың игілігі үшін өшпес, өл-
шеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді
парасаттылықпен шеше алатын адам-
ға тән психологиялық қасиет. Ақыл-
ойдың, білімнің молдығы, кең өріс-
тілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге
сүйене отырып, келешекті болжау, ой
қорытып, түйін жасау, ғылымның ке-
лер көкжиегінің жетер жерін анықтау-
ға арналған ой-тұжырымы бар пара-
сатты адамдарды данышпан адам деп
атайды.
Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет
Иассауи, Шоқан Уәлиханов, Абай
сияқты әмбебап данышпан ғұламалар
аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір
Достарыңызбен бөлісу: |