152
жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды
басқа адамнан айырмашылығын көр-
сететін қасиеттер жиынтығы); Адам-
ның индивидтік қасиеттерінің өзін-
дік бейнесі бар, басқа адамдардан
ерекшелігі.
Д.п. қазіргі кездегі бір тармағы дара-
лық психотерапия – практикалық
психология мен психотерапияның
аумағы; әр клиентпен психологтің
(психотерапевтің) жеке жұмыс жүр-
гізуіне арналған психотерапиялық
(психокорреакциялық) әдістердің
жүйесі. Келесі тармағы дифферен-
циалдық диагностика әртүрлі іс-әре-
кеттер мен құбылыстардан туындай-
тын нәтижелерді болжап, олардың
мән-жайын танып білу.
ДАРЫНДЫЛЫҚ. Адамның кейбір
өзгешеліктері ана құрсағында бол-
ғанда-ақ пайда болады. Мәселен, ба-
ланың ата-анасы мен туысқындары-
на ұқсап тууы. Мұны анатомиялық
нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кей-
бір анализаторлардың ерекшелікте-
рі де туысынан пайда болады. Мұны
физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі дарындылық
секілді сатыда болады. Мәселен, ба-
ланың есту анализаторларының же-
тіле дамуы музыкалық қабілет үшін,
көру анализаторының жетіле дамуы
музыкалық қабілет үшін, көру анали-
заторының өзгешелігі сурет салу қа-
білетінің көрінуіне септігін тигізеді.
Бірақ нышан қабілеттің дамуына
бірден-бір шарт бола алмайды. Ол –
адамның ішкі мүмкіндігінің көрсет-
кіші. Егер адамның туысынан ны-
шаны болса да, дұрыс тәрбие көрме-
се, яғни белгілі әрекетпен айналыс-
паса, оның қабілеті айтарлықтай да-
мымайды.
Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәй-
кес келеді деп ойлау да қате. Нышан
көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға
негізделіп, адам өмірінің жан-жақ-
тылығына қарай түрлі қабілет қалып-
тасады. Нышанның ықпалымен қа-
лыптасқан қабілеттің түрін дарын-
дылық деп атайды. Адамның дарын-
дылығы оның жоғары жүйке қыз-
метінің тума типіне (мида уақытша
байланыстардың тез жасалып, бе-
рік орнығуы, жүйке үрдістерінің қо-
зғалғыштығы динамикалық стерео-
типтердің шапшаң жасалып, оңай
өзгеруі т.б.) байланысты болып ке-
леді. Дарынның дамуына қолайлы
жағдай туса, ол ерте көзге түсетін
болады. Тарихта болсын, күнбе-күн-
гі өмірімізде болсын мұндай мысал-
дар өте көп. Осыдан 200 жылдай
бұрын Германияда «Ұстазы Кристи-
ан фон Шенах жазып алған любектік
төрт жасар дарынды бала Кристиан
Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әре-
кеті, саяхаты мен өлімі» деген кітап
жарық көрді.
Аса дарынды бала жөніндегі алғаш-
қы кітап осы болатын. Туылғанына
он ай толмай жатып кішкентай Гей-
нрих «суретке салынған заттардың
көпшілігін айырып атайтын» болған.
Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі
оқып, математиканың төрт амалы-
мен есеп шығара алады. Көп ұзамай
сәби француз тілін үйреніп, «геогра-
фиядан жақсы мағлұмат алады» және
мыңнан астам латын мәтелін біледі.
Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып,
оны Дания королі қонаққа шақырады.
Сол дарынды сәби төрт жастан төрт
ай асқанда қайтыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: