170
бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жыл-
дардан бастап жаңа өкіметке де аян-
бай қызмет істейді. («Ақ жол» газеті,
облыстық сот, т.б.), 1922-26 жылдары
Орынбордағы Қазақ ағарту институ-
тында оқытушы болады. 1922 жылы
екі бөлімнен тұратын «Есеп құра-
лын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын,
қазақ кітаптарының библиография-
лық көрсеткішін бастырады. 1928
жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқы-
ғандарымен бірге тұтқынға алынып,
ату жазасына кесіледі, онысын кейін-
нен 10 жыл абақтыда қамаумен ал-
мастырады. 1935 жылы тұтқында
жүріп, Балтық каналының бойын-
дағы Сосновец деген жерде қайтыс
болады. 1988 жылы Республика Жо-
ғары сотының коллегиясы қылмыс
құрамы болмағандықтан оны біржо-
лата ақтайды.
Әмбебап ағартушының артына қал-
дырған рухани мұрасында кешегі
көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы,
дәстүр-салты, жол-жоралғысы, тә-
лім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне
тән этикалық, эстетикалық ұнам-
талғамдары ұлттық колоритке толы
сан алуан нақты деректермен безен-
діріле баяндалған. Осы тұрғыдан
«Оян, қазақ» атты туындысының ор-
ны бөлек. Ұстазы Ы.Алтынсарин-
ның оқу-ағарту мәселесіне байланыс-
ты идеяларының әрмен қарай дамы-
та келіп, ол да А.Байтұрсынов сияқты,
оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұр-
ғыдан қарауға, атап айтқанда оқыту-
дың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірт-
тердің жаңа бағдарламалар арқылы
білім алуына, ғылыми-дидактикалық
қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге
ерекше мән береді. Бұл айтылғандар-
ды оның «Мұғалімдерге» атты ма-
қаласынан (1914), «Қирағат» кіта-
бына жазған алғы сөзінен жақсы
байқауға болады: «балаларды, – деп
жазды ол, – оқыту өз алдына бір
ғылым. Ғылым – педагогика... Мектеп
программасында бірінші орын алған
нәрсе – қирағат, баяндап оқыту...
Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұ-
ғалім үміт еткен пайданы бере ал-
майды... Жас балаларды оқыған нәр-
сесі хақында ойлануға, оның мағы-
насын, қасиетін сездіруге қалай үй-
ретпек керек? Балаларды оқыған нәр-
сесін бір-біріне ұйқастырып ойла-
нуына, оқып шыққаннан кейін жа-
дында ретті һәм толық мағынасымен
қалдыруға әдеттендіру керек. Ол орыс
педагогикасының атасы К.Д.Ушин-
ский айтқандай, оқу-тәрбие проце-
сіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т.б.) шә-
кірттердің сезім мүшелерін (көз, құ-
лақ және т.б.) түгелдей қатыстырып
отыру қажеттігін орынды аңғарып,
мұны тәлімгерлердің жадына салу-
ды ойластырады. Осыған орай ол
былай деп жазды: «Әр бір жазылған
сөз – жазушының сезімімен, естуі-
мен, көруімен (табиғаттан һәм адам-
ның тұрмысынан) шыққан нәрсе».
Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті
мол жазушы қазақ арасында көбінде
көзге түспей, түссе де еленбей жүр-
ген ғылым-білімге, өнерге, зерек,
дарынды балаларды оқытып-тәрбие-
леудің мәні жайында сөз ете келіп,
дарындылықтың кейбір табиғи ас-
тарларына үңіледі. Осы жәйт автор-
дың мына төмендегі түйіндеуінен
жақсы аңғарылып тұр: «Туысында
қанша зеректік болса да, – деп жаз-
ды М.Дулатов, – ғылымсыз, тәрбие-
сіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім
өзінің табиғатына не нәрсеге шебер-
Достарыңызбен бөлісу: