Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет249/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕҢБЕК  ПСИХОЛОГИЯСЫ  –  ең- 

бек  қарекетінің  нақты  нысандары- 

ның  және  адамның  еңбекке  деген 

көзқарасының  қалыптасуының  пси- 

хологиялық  заңдылықтарын  зерт- 

тейтін  психология  ғылымының  са- 

ласы. Еңбек психологиясының объек- 

тісі – индивидтің өндірістік жағдай- 

ларындағы және оның жұмыс күшін 

ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. 

Қазіргі  заманғы  Е.п.  өндіру  және 

тұтыну деген ажырамас екі цикл бо- 

лады,  адам  оларда  кезекпен  және 

тәуелсіз  түрде  әуелі  өндіруші,  одан 

кейін  тұтынушы  ретінде  көрінеді 

деген  түсініктерден  бас  тартты.  Ең- 

бек  психологиясының  тұрғысынан 

индивидтің  жұмыс  уақыты  мен  бос 

уақыты  еңбек  және  жұмыс  күшін 

ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз 

байланысты.

Е.п-ның  негіздері  медицинаның, 

физиологияның, техниканың, социо- 

логия  мен  саяси  экономиканың  ық- 

пал-әсерімен  қалыптасты.  Қайсыбір 

пәннің  еңбекті  жетілдіру  мәселеле- 

рін шешуге қатыстырылуы үшін бас- 

тау-негіз  мынадай  қағиданың  таны- 

луы  болды:  еңбектің  ұйымдастыры- 

луы  оның  өнімділігін  еңбекті  қар- 

қындатудан гөрі көбірек арттырады, 

ал  жұмыскерге  жұмсалатын  (оның 

білім алуына, медициналық қызмет- 

пен  қамтуға,  тұрғын  үй-тұрмыстық 

және экологиялық жағдайларын жақ- 

сартуға)  экономикалық  шығындар 

өндіріс  саласындағы  пайда  түрінде 

қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек 

психологиясын дамытуға, оның мін- 

деттерін тұжырымдауға өз үлесін қос- 

ты.  Е.п-ның  өз  алдына  ғылыми  пән 

ретінде  қалыптасуының  бастамасы 

деп  Г.Мюнстербергтің  «Психология 

және өндіріс тиімділігі» (1913) және 

«Психотехника негіздері» (1914) ат- 

ты еңбектерінің шығуын есептеу қа- 

былданған. Еңбекті зерттеуге И.М.Се- 

ченов өз үлесін қосты.

Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйым- 

дастыру  және  еңбек  қарекетін  жо- 

балау  мәселелері  зерттеле  бастады. 

Алайда  еңбек  психологиясының  эк- 

лектикалықтан арылып, өзінің пәнін 

саралап  алуына  дейін  ұзақ  уақыт 

өтті.  Еңбекті  зерттеудің  инженерлік 

психология,  авиациялық  және  ға- 

рыштық  психология,  эргономика, 

басқару  психологиясы  секілді  жаңа 

бағыттары  қалыптасты.  Е.п-ның  қа- 

зіргі уақыттағы басты-басты міндет- 

тері  өндірістік  қатынастарды  жетіл- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет