174
кес бейнелер жасау. Кеңістіктік Е.
сызбаларды зерделеу және т.б. жағдай-
да қолданылады. Тұлғаның даму
деңгейі көбіне оның құрылымында
елестетудің қай түрі басым болуына
байланысты. Егер жасөспірім жет-
кіншекте нақты әлеуметтік маңызы
бар қарекетке жүзеге асатын шығар-
машылық Е. құрғақ қиялдардан ба-
сым болса, тұлғаның неғұрлым жо-
ғары деңгейде дамуын көрсетеді.
Баланың елестетуі оның қарекетінің
әр алуан түрлерінде қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалық кезең бо-
йынша баланың елестетуі сыртқы ті-
ректі (ең алдымен, ойыншықты) ке-
рексінетін қарекеттен өз алдына іш-
кі қарекетке біртіндеп ауысады да,
қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шы-
ғару) және бейнелеу (сурет) шығар-
машылығын жүзеге асыруға мүмкін-
дік береді.
Е. сөйлеуді меңгерумен байланысты.
Демек, үлкендермен қарым-қатынас
процесінде дамиды. Сөйлесу балалар-
ға өз тәжірибесінде ешқашан болма-
ған заттарды елестетуіне мүмкіндік
береді. Баланың сөйлесуіндегі кінә-
раттар, кешеуілдеу елестетуінің да-
муына әсер етіп, оны азайтады. Мек-
тепке дейінгі жаста елестету қоғам-
дық тәжірибені меңгерудің ең ма-
ңызды шарттарының бірі болып та-
былады. Ересек адамның Е. арқылы
айналадағы дүниені игеруіне себеп-
теседі. Оқу процесінде балалардың
елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріле-
ді. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл
елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елес-
тер қабылдаудың негізінде қалыпта-
сып отырады. Оқушы өзі байқап отыр-
ған нәрсенің кейін қажет болатынды-
ғын сезінетін болса, оның елесі де тия-
нақты қалыптасады. Мектеп жасына
дейінгі балалардың елестерін дамы-
тып отыру олардың оқу әрекетіне
дайындалуының негізгі шарты екен-
дігі ата-аналардың естерінде болуы
тиіс.
ЕЛЖАНДЫЛЫҚ – тарихи тамыры
терең әлеуметтік, саяси, психология-
лық құбылыс. Ол ұлттардың ара-
сындағы демократиялық дүниета-
нымға, адамгершілікке, бөтенді жатыр-
қамайтын қазақы ұлттық менталитет
пен дәстүрге негізделген. Қазақ же-
рін барлық ұлттардың шынайы Ота-
нына айналдыру, тілін, дінін дамы-
тып, өркениет жолына салатын идео-
логия мен саясат.
ЕЛІГУ – бұл түрткілердің әлде де
аңғарылмаған айқын емес, бұлдыр
түрі. Нақты көзқарасы тұрақсыз, сенімі
жоқ адамдар осындай жағдайға жиі
тап болады. Яғни олар кез келген
нәрсеге еліге кетіп, соған имандай се-
ніп жүреді. Сондықтан да елігу адам-
ның тұлғалық қасиеттерінің келеңсіз
түрлерінің бірі болып есептеледі.
ЕЛІКТЕУ (лат. imitatio – еліктеу) –
басқалардың мінез-құлқын өзіне кө-
шіру процесі. Е. ерікті және еріксіз
болуы мүмкін. Өз әрекетін басқаның
үлгісімен модельдеуге тырысу. Бұл
терминді «мимикрия» терминінен
ажырата білу керек. Бұл термин, сон-
дай-ақ имитациялық әрекет механи-
калық түрде орындалады деп түсін-
діріледі. Бұлай сипаттау қате. Мыс.,
бала анасының әрекетіне немесе
топтағы құрбыларымен ойнаудағы
өзара әрекет тәсілдеріне тек еліктеп
қана қоймайды, мұндағы мінез-құ-
Достарыңызбен бөлісу: