Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет250/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕНЖА

ЕҢБЕ


176

діру, еңбектің сапасын жақсарту, апат- 

тық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек 

ұжымының  (тобының)  психология- 

лық  кейпін  анықтап,  реттелуге  ба- 

ғыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) пси- 

хологияда  іс-әрекеттің  түрі  ретінде 

сипатталады. Е. – адам тіршілігіндегі 

бірінші қажеттілік.

Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбие- 

нің  өзекті  мәселесі  –  адамды  еңбек 

ету  қажеттілігіне  баулу.  Жастарды 

еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр- 

лау – жалпы гуманистік тәрбиенің түп- 

кі мақсаты. Е. – адамның іс-әрекеті- 

нің негізгі түрі және барлық материал- 

дық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.

ЕРІК – адамның мінез-құлқын мең- 

геру  қабілеті.  Ол  мақсат  қоюдан 

басталады.  Е.  –  қимылдарының  ал- 

ғашқы  көріністерінің  бірі  тілек.  Ол 

келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. 

Мәселен,  «газетке  мақала  жазсақ», 

«өзенге барып шомылсам», «домбыра 

тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеу- 

де адамның түрлі тілегі бейнеленген. 

Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көз- 

делген, бірақ оны орындау жолдары 

әлі де болса көмескі, яғни оның нақ- 

ты  жоспары  сызылмаған.  Тілекте 

еріктік амалға тән, аздап талғамалы- 

лық сипат бар.

Е. – актісінің келесі бір буыны қалау. 

Бұл  мақсаттың  айқындығын,  санаға 

жеткізетін нақты жоспарлардың жа- 

салуын,  ойдың  бекілгендігін  білді- 

реді, бірақ тілек те, қалау да ерік қа- 

сиетін толық көрсете алмайды. Өйтке- 

ні  бұлар кейде бір-біріне үйлесе ал- 

май,  біріншісі  екіншісіне  қайшы 

келеді.  Адам  ылғида  шамасы  келе- 

тін,  күші  жететін  мақсатты  қойып, 

осы  жолда  кездесетін  ішкі  кедергі- 

лер – жалқаулық, адам өзіне жұмыс 

істеу  қиынға  соғатын,  алдында  тұр- 

ған  міндетке  ешқандай  қатысы  жоқ 

басқа  бірдеңелермен  шұғылдануға 

құштарлық ететін, белгіленген мәсе- 

лелерді орындауға кедергі жасайтын 

субъективтік,  жеке  ниеттен  туатын 

жат әдеттер сияқты кедергілер жата- 

ды (төсектен тұрғың келмейді, бірақ 

сабаққа  кешікпеу  үшін  тұру  керек), 

сыртқы кедергілер деп сол істің объек- 

тивтік  қиындықтарын,  оның  күрде- 

лілігін, әрқилы бөгеттерді, басқа адам- 

дардың  қарсылықтарын  жұмыс 

жағдайындағы  шынайы  қиыншы- 

лықтарды т.б. есептейді, ол (біреудің 

қарсылығы,  жағдай  болмау  т.б.) 

қиыншылықты  жеңіп  отыру  қажет. 

Белгілі дүниетанымы мен сенімі, мі- 

нез-құлқының принципі бар, өз ісінің 

дұрыстығына көзі жететін адам ғана 

дұрыс тоқтамға келе алып, оны қайт- 

кен  күнде  де  орындау  жолын  таба- 

ды.  Кейбіреулер  өзінің  алдына  кө- 

мескі  мақсат  қояды  да,  сөйтіп  мақ- 

сатын  орындай  алмай  қалады.  Ал  

ой  жұмысын  керек  етпейтін  жеңіл 

мақсатта, адамның еркін енжар, әлсіз 

етуі  мүмкін.  Еріктік  амалдың  ең 

шешуші  кезеңі  мақсаттың  орында- 

луы.  Адамның  ерік  сапалары  сан 

алуан. Олардың ұнамды жанға жара- 

сымды түрлерімен қатар нашар жақ- 

тары аз кездеспейді.

Еріктің негізгі функциялары: мотив- 

тер мен мақсаттарды таңдау; іс-әре- 

кет мотивациясы жеткіліксіз не басы 

артық болғанда іс-әрекетке деген ниет; 

ынтаны реттеу, психикалық үрдістер- 

ді  адам  атқаратын  іс-әрекетке  бара- 

бар жүйе етіп ұйымдастыру; қойыл- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет