ЕЛЕСТЕТУ – бұрыннан бар тә-
жірибе негізінде жаңа түсініктер,
ойлар мен бейнелер жасауға саятын
психикалық процесс. Е. субъекттің
заттық қарекетінің құралдары мен
нәтижесін ойша құрудан, мәселелік
жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-
әрекет бағдарламасын жасаудан, қа-
рекетті бағдарламай алмастыратын,
тәріздендіретін бейнелер шығарудан,
объекттің бейнелерін жасаудан кө-
рінеді. Басқа да психикалық процес-
тер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елес-
тетудің анализдік синтездік сипаты
бар. Естің (жадының) негізгі бета-
лысы – бұрынырақта қабылданып,
ұғынылған жағдайларды, объектілер-
ді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Е-
дің негізгі беталыстары – ес түсінік-
терін түрлендіру, түптеп келгенде,
бұрын пайда болмаған ойлау жағда-
йының жасалуын қамтамасыз ету. Е. –
болмысты жаңа ұштасулар мен бай-
ланыстарда бейнелеу.
Е-дің ең маңызды мәні сонда, ол ең-
бек басталғанға дейін оның нәтиже-
лерін көз алдына келтіруге мүмкіндік
береді, осы арқылы қарекет проце-
сінде адамды бағдарлайды. Е. ар-
қылы еңбектің түпкі не аралық өнім-
нің моделін жасау олардың заттық
жүзеге асырылуына жағдай жасай-
ды. Е. арқылы күтілетін нәтижені
көз алдына келтіру адам еңбегінің
жануарлардың түйсіктік әрекетімен
түбегейлі айырмашылығы болып
табылады. Е. белсенді және енжар Е.
болып сараланады. Енжар елестету-
де пәрменділік жоқ, оған өмірде
жүзеге аспайтын бейнелер, іске ас-
пайтын тіпті іске асуы мүмкін емес
бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес
енжар Е. сана қарекеті босаңсыған-
да, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып
ұйқылы-ояу отырғанда, сананың па-
тологиялық бұзылуы кезінде бай-
қалады. Әдейілеп енжар елестетуден
ерік-жігермен байланысты емес
бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды.
Е. процестерінде құрғақ қиялдың
басымдығы тұлғаның дамуында ке-
містіктер бар екенін көрсетеді. Бел-
сенді Е. шығармашылық және жаң-
ғыртушылық болуы мүмкін. Шығар-
машылық елестетуде қарекеттің бі-
регей және бағалы өнімдерінде жү-
зеге асатын бейнелер жасалады. Ең-
бекте пайда болған Е. – кез келген
шығармашылықтың ажырағысыз бө-
лігі. Е. дереу практикалық іс-әрекетте
жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-
қалаудағы болашақ бейнелерді жасау-
ға, яғни армандауға саятын ерекше
бір іштей қарекет нысанында болады.
Арман қарекетті түрлендірудің қажет-
ті шарты, түпкілікті орындалуы
қайсыбір себептермен кейінге қал-
дырылған қарекеттің ынталандыру-
шы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы
елестетудің негізі – сипаттамаға сәй-
Достарыңызбен бөлісу: |