182
көруге болады: Ерікті амал-дайын-
дық кезеңі-мақсат қою-тілек-қалау-
мотивтер күресі-тоқтамға келу-орын-
дау кезеңі.
ЕС – сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының адам миында сақ-
талып, қайтадан жаңғыртылып, та-
нылып, ұмытылуын бейнелейтін
процесс. Е. – күрделі психикалық
процестердің бірі. Е. есте қалдыру,
қайта жаңғырту, тану, ұмыту се-
кілді процестерден тұрады. Естің
физиологиялық негіздерін бір кезде
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің
пластикалық қасиеті туралы ілімі тү-
сіндіретін. Жүйке жүйесінің плас-
тикалылығы дегеніміз – түрлі қозу-
лардан қалған әсерлердің қайтадан
уақытша байланысқа түсе алу қабі-
леті. Уақытша байланыстардың ті-
келей тітіркендіргіштер әсер етпеген
жағдайда да мида жасалынуы ойда
бұрынғы байланыстардан із қалып
отыратындығын көрсетеді. Бірақ
бұл жалпы долбар. Өйткені адам есі-
нің мимен қалайша байланысты екен-
дігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы
деректер жоқ.
Мәселен, ес құбылысының табиға-
тын зерттеуші ғалымдардың бір тобы
оны мидағы электр құбылыстары-
мен байланыстырса (есті зерттеудегі
электрофизиологиялық бағыт), енді
бір зерттеушілер есті мидың нейро-
химиясына қарай түсіндіргісі келеді.
Соңғы бағыттың өкілдері мидың
кейбір жасушаларын бір сыдырғы
зерттегенмен естің бүкіл ми масса-
сынан алатын орнын әлі анықтай
алмай келеді. Бір нәрсені еске сақтау –
оны байланыстыру деген сөз. Ес
процесінің негізі болып табылатын
байланыстарды психологияда ассо-
циация деп атайды. Егер бұрын бірне-
ше объектіні бір мезгілде немесе бі-
рінен соң бірін елестетсек, не ойла-
сақ бұлардың арасында байланыс
пайда болады. Кейін объекттің біре-
уін ғана елестетсек миымызда оның
қалған бөлігін тудыруға себеп бола-
ды. Ассоциациялық принципті алғаш
рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшы-
лы Аристотель (б.д.д. 384-322) болды.
Аристотель ассоциацияларды тек ті-
келей елестетумен байланыстырып,
психикалық әрекетін, қалған түрле-
рін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге
бұл принципті қолданбады. Ғылым-
да тұңғыш рет ассоциация ілімін шарт-
ты рефлекс теориясымен делелдеген,
осы негізде көптеген психикалық про-
цестердің табиғатын түсінуге бола-
тындығын көрсеткен ұлы орыс ға-
лымы И.П.Павлов болды.
И.П.Павлов психологияда ассоциа-
циялар деп аталатын құбылыс ми
қабығында екі қозу процесінің қабат-
тасып келуіне байланысты пайда бо-
лып, сан рет қайталаудың нәтижесін-
де бекіп отыратын уақытша байла-
ныстар екенін түсіндірді. Ұлы ға-
лым бұл туралы былай деп жазды:
«Уақытша жүйкелік байланыс –
жануарлар дүниесінде де, біздің өзі-
мізде де байқалатын жан-жақты фи-
зиологиялық құбылыс. Сонымен қа-
тар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлер-
ден құрылса да немесе әріп, сөз, әл-
де ойдан құрылса да психикалық
құбылыс болып табылады, оны пси-
хологтар ассоциация деп атайды. Ас-
социациялардың Аристотель зама-
нынан белгілі үш түрі бар. Олар:
іргелестік, ұқсастық және қарама-
қарсылық ассоциациялар.
Достарыңызбен бөлісу: