Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет257/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕРІК

ЕРІК


181

айтуға  лайықты  сөз  де  табылмай- 

тын  ертегідей  бір  шырын-шәрбат 

ләззаттың  дәмін  де  татқалы  тұр- 

мын».  Кенеттен  оның  басында  қа- 

рама-қарсы  мотив  туа  қалады:  «...



Әйтсе  де  бажайлап,  қабырғаммен 

кеңесе кетсем-ақ болды, тұла бойым 

түршігіп сала береді. Ары айт, бері 

айт,  өмір  бойы,  мәңгі-бақи  қол-

аяғыңа  күрмеу  түсіп,  қайтып  енді 

тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, 

жаңылып ем деуге шамаң келмесе – 

шаруаңның  біржола  біткені  ғой...» 

Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың 

әуеніне  қарай  ағатын  адам.  Оның 

ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер 

кіріп  те  шықпайды.  Некесі  қиыла- 

йын  деп  тұрғанда  осылайша  әуре-

сарсаңға түсуі оның қандай адам еке- 

нін жақсы байқатады. «...Шынымен-



ақ,  тайып  кетуге  болмай  ма  екен? 

Әлбетте  болмайды,  есік  алды,  кез 

келген жерде сапырылысып жүрген 

жұрт,  қайда  барасың  дейді  ғой  бі- 

реу. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол 

ашық терезені көреді де осыдан қар- 

ғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ бол- 

майды, жерден алыс екен быт-шы- 

тым  шығар,  екіншіден,  терезеден 

қарғу  лайық  емес,  үшіншіден,  қал- 

пақсыз  қалай  қарғымақпын,  лайық 

емес деп тұрып алады. Оның қалпа- 

ғын  досы  Кочкарев  тығып  қойған. 

Ол ақырында: терезе онша биік емес 

екен, қалпақсыз қарғуға да болар деп 

көшеге қарай қарғып кетеді.

Белгілі көзқарасы мен сенімі қалып- 

тасқан адамда мотивтер күресі онша 

байқалмайды.  Олар  көбінесе  жеке 

бастың мотивінен гөрі қоғамдық мә- 

ні бар мотивтерді (борыш сезімі, нәр- 

сенің  қоғамға  қажеттілігін  түсіну) 

басшылыққа алып отырады. Сөйтіп, 



мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер 

күресі, тоқтамға келу – бәрі жина- 

лып  еріктік  қимылдың  «даярлық 

кезеңі»  деп  аталады.  Еріктік  амал- 

дың ең негізгі кезеңі – қандай болма- 

сын тоқтамды орындау стадиясы. Өзі- 

нің қандай болмасын тоқтамын іске 

асыратын, оны орындайтын кісіні ға- 

на еркі нағыз жетілген адам деп ай- 

туға болады.

Талай  жақсы  тоқтамдардың  жүзеге 

аспай,  орындалмай  қалатындары  да 

кездесіп  отырады.  Бұлай  болудың 

себебі  орындалуы  қиын  мақсатты 

алға  қоюдан,  мақсаттың  айқын  бол- 

мауынан, әлі де болса өмірге дұрыс 

көзқарастың  қалыптаспауынан,  өз 

ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәр- 

сеңді  жан-тәніңмен  сүймеуден  т.б. 

себептерден болады.

Сондықтан  адам  өзінің  алдына  ша- 

масы келетін, күші жететін, орындай 

алатын мақсаттарды қойып, осы жол- 

да түрлі қиыншылықтарды жеңіп оты- 

руы  тиіс.  Белгілі  мінез-құлықтық 

принципі бар, өз ісінің дұрыстығына 

көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқ- 

тамға келе алып, оны қалай да орын- 

даудың тиімді жолдарын таба алады, 

бұл  жолда  орынсыз  солқылдақтық, 

табансыздық көрсетпейді. Кейбір адам- 

дар  өзінің  алдына  көмескі,  бұлдыр 

мақсат қояды да, ой таразысына жақ- 

сылап салмайды, сөйтіп оны орындай 

алмай қалады. Ерекше ой жұмысын 

керек  етпейтін  жеңіл  мақсатты  алға 

қою  да  адамдық  еркін  енжар,  әлсіз 

етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бел- 

гілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұ- 

мыстар істеу нәтижесінде қол жете- 

тін мақсаттарды ғана алға қоюымыз 

қажет.  Еріктік  амалдың  негізгі  ке- 

зеңдерін  төмендегі  схема  арқылы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет