179
не деген қызығушылықтың күшейіп
отырғандығын аңғаруға болады. Ерік
ұғымы – психологиядағы ертеде қа-
лыптасқан ұғымдардың бірі. Соңғы
онжылдықтарда ерік ұғымының
болашақ тағдыры туралы мәселе тал-
қылана бастады: Ескерте кетуіміз ке-
рек, кеңес психологтарының арқа-
сында ерікті түсінуде біршама ғылы-
ми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ерік проблемасына қызығушылық
және оның құлдырауы психология-
лық мектептер мен бағыттардың жал-
пы тұжырымдамасымен тығыз бай-
ланысты. Белгілі бір ерікті зерттеу жұ-
мыстарында бірінші орынға субъект-
тің белсенділігі проблемасы қойыл-
ды, екінші бағыттағы зерттеулерде мі-
нез-құлықтың «реактивтік» тұжы-
рымдамалары басым болды. Міне,
осы себептерге байланысты көптеген
шетел бихевиористік бағыттарды
түсіндіреді. Психологиядағы ұғым-
дардың жүйесіне ерік ұғымын енгізу
неге қажет болды? Аристотель оны
психологияға енгізгендегі мақсаты
адамның мінез-құлқы қалай іске
асатындығын түсіндіру еді.
Декарттың жүйесінде ерік адамның
кез келген әрекетін тудыру үшін қа-
тысады және шын мәнінде қазіргі
психологияда түрткінің орнын ала-
ды. Өткен ғасырдың 20-жылдары-
ның аяғына дейін көптеген ғалымдар
еріктен адамның белсенділігінің бас-
тамасын көрген болатын. Мінез-құ-
лық себептілігі мәселесі еріктің ер-
кіндігі үшін негізгі мәселе ретінде
философтардың, психологтардың
және физиологтардың еңбектерінде
өз дамуын жалғастырды, олардың
бірлескен күш-жігерімен адам мен
жануарлардың мінез-құлқының негіз-
гі детерминизм қағидасы анықталды
және мінез-құлықты ерікті таңдау
мәселесін шешудің ғылыми негізде-
рін ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: