Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет279/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАЛП

ЖАЛП


198

айтылмаған.  Халқымыз  әсіресе,  са- 

бырлылықты  ерекше  қастерлеген. 

«Сабыр түбі – сары алтын», «Сабыр- 

лы  жетер  мұратқа»,  «Сабырсыз  қа- 

лар ұятқа», «Сабыр – ақыл серігі», т.б. 

Осы  тәріздес  мақалдарда  сабырлы- 

лық адамның күш-жігерін құр босқа 

рәсуа етпей, түпкілікті мақсатына жет- 

кізетін ерік сапасы екендігі айтыла- 

ды.  Сабыр  –  ақылдың,  күшті  қа- 

жыр-қайраттың  жан  серігі,  сенімді 

көмекшісі.  Сабырлы  адам  әркез  те- 

рең  ойланып,  іс  тетігін  аңғара,  әре- 

кет етеді. Нәтижелі еңбек ету, жұрт- 

пен  дұрыс  қарым-қатынас  жасау, 

кең  де,  орамды  ойлай  алу  –  бәрі  де 

сабырлылыққа  соқпай  кетпейді.  Са- 

бырсыздық, жеңілтектік – әрі нашар, 

әрі қораш сипат. Мұндайлар туралы 

халық:  «Ер  жігітті  өкіндіретін  де, 

абыройын кетіретін де жеңілтектік», 

«Асығыс  түбі  –  қып-қызыл  шоқ», 

«Асыққанның асығы таяр», «Ойнақ- 

таған  бота  от  басар»,  «Әр  толмақта 

бір  нарық  бар,  желіккен  тез  арық- 

тар», «Сабырлы ойлаған саспай жа- 

уап  берер»,  «Жалықпаған  жау  же- 

ңеді», «Асықпаған арбамен қоян ала- 

ды»,  дейді.  Халық  даналығы  қай- 

ратты адамдарды да жұртқа үлгі ете- 

ді:  «Қайғыны  қайратты  жеңер», 

«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер», 

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет», деп 

халық  ерік-жігердің  осынау  тамаша 

сапасын жас ұрпақтың бойына мық- 

тап  дарыту  қажет  екенін  еске  сала- 

ды. Бұл жерде ұлы Абайдың да ерік-

жігер,  қайрат-қажыр  секілді  сапаны 

ерекше  қастерлеп,  тебірене  толғаға- 

ны  еске  түседі.  Үш-ақ  нәрсе  адам- 

ның  қасиеті:  ыстық  қайрат,  нұрлы 

ақыл,  жылы  жүрек,  деп  тебіренген 

ғой кемеңгер ақын бір кезде. Қажыр-

қайраттылық  пен  жігерлілік  –  жігіт 

адамның  тамаша  сапасы  болса,  жі- 

герсіздік  –  барып  тұрған  ездік  қа- 

сиет. Халқымыз әр кез жігерсіз жан- 

дарды  жеріне  жеткізе,  шенеп-мінеп 

отырған.  «Жасқаншақ  –  жасық  сем- 

сер», «Табансыздық сөзінің тайғана- 

уы көп болар», «Қорғалақ жан – жар- 

ты жан», «Езден без», «Ердің ісі ке- 

ліс, ездің ісі керіс» деген мақалдарда 

осындай  адамдардың  нанымсыз  ке- 

летіні, сөзі мен ісі бір жерден шық- 

пайтыны  айтылады.  Енді  бір  ма- 

қалдарда талапты, алдына айқын мақ- 

сат  қойып,  оны  орындап  отыратын 

адамдар  жұртқа  үлгі  етіледі.  Мәсе- 

лен, «Талапты өсіретін – талап», «Та- 

лап – талмас қанат», «Талаптың жолы 

тастан  да  ауыр»,  «Адам  талабымен 

ұшады, құс қанатымен ұшады», «Та- 

лаптымен  таласпа»,  «Талапты  бала 

талпынған  құстай,  құмары  қанбас 

аспанға ұшпай», деп, талап адамның 

мақсатына, арманына жеткізетін не- 

гізгі қанаты екенін дұрыс тұжырым- 

дайды.


Алдағы асуға, асыл арманға ұмтылу- 

да  қайрат,  талаппен  бірге  тәуекел- 

ділік те аса қажет. Белгілі бір сәттер- 

де  ұлы  мақсат  үшін  тәуекелге  бел 

байлап,  жаныңды  пида  етуге  де  ту- 

ра  келеді.  «Тәуекел  тау  жығады», 

«Тәуекел ет те тас жұт», «Тәуекелшіл 

тайынбайды», дейді халқымыз. Бірақ 

тәуекелдің де тәуекелі бар, Құр бос- 

қа  ұрда  жық,  көзсіз  ерліктің  адамға 

опа бермейтіні хақ. Ойланған, әлде- 

неше  рет  өлшенген  тәуекел  ғана  ер 

жігітке жарасымды сипат («Жоспар- 

сыз тәуекелдің жазымы көп», «Шама- 

сыз батырлық – шарасыз өлім»).

Халық ұқыпты, жинақы, пысық, шы- 

мыр  адамдарды  ерекше  қадір  тұт- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет