Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет289/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАНС

ЖАНТ


204

сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы 



жан талдау дегенді білдіреді. Ж.т. – 

адамның саналы түрде мән-мағынасын 

нақты  сөздермен  жеткізуге  келмей- 

тін ниеттілігі мен қажеттілігі. Ондай 

тілектерді  қанағаттандыруда  адам 

өзінің  іс-әрекетінде  туа  біткен  екі 

түрлі  инстинкттен  тұқым  қалдыру 

(жыныстық  ләззат)  және  өмірді 

жалғастырудан  (өлімнен  қорқу)  құ- 

ралады  деген  ой  түйеді.  Ж.т.  бағы- 

тының  негізін  салушы  австриялық 

психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд 

адамның санасыз әрекеті (жыныстық 

еліктеу)  XX  ғасырдың  жиырмасын- 

шы  жылдарынан  бастап  кеңінен  та- 

рады. Бұл бағыт бойынша мінез-құ- 

лықтың  түпкі  себебін  санасыздық 

әрекетке – психиканы талдауға әкеп 

тіреді.

Осы  негізге  сүйене  отырып,  адам- 

ның  дамуын  әлеуметтік  жағдайлар- 

дан  толық  бөліп  алып  қарастырады 

да,  санасыздықты,  биологиялық  не- 

гізді алға тартады. Фрейд негіздеген 

психоанализ  теориясының  мәні  – 

адамның  әлеуметтік  өміріндегі  рөлі 

мен  тіршілік  еткен  ортаның  негізгі 

факторларының бірі екендігін жоққа 

шығарады. Фрейдшілдер жыныстық 

қатынас пен өлім үрейін алға тартып, 

адамдардың  қоғамдық  өмірдегі  іс-

әрекеттерін тұншықтырып тастайды. 

Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән 

береді.


Олар  адамдардың  жасампаздық  іс- 

терінің бәрі де жыныстық қанағатқа 

талпынудың  көрінісі  деп  санайды. 

Фрейдшілдердің зерттеулерінде био- 

логиялық  факторлардың  бірсыпыра 

әдіс-тәсілдерін  адамның  жан  дү- 

ниесінің  сырын  түсіндіруде  елеулі 

мәні  болды.  Ал  сондай  әдістердің 

теориялық  құрылымы  ғылыми  тұр- 

ғыдан  сындарлы  сынға  төтеп  бере 

алмайды.  Өйткені  жан  дүниесінің 

сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-

жақты  ғылыми-зерттеулер  арқылы 

ғана айқындала түсетін күрделі мәсе- 

ле болып саналады.

ЖАНКЕШТІЛІК – бір іске кірісіп, 

оны орындап шығуға жанын аямай- 

тын батылдық күш-қуатын, біліктілі- 

гін  көрсетіп,  өзінің  де  өзгелердің 

де  қолға  алған  ісін  аянбай  атқаруға 

жұмылдыру  қабілеті.  Ж.  адам  мой- 

нына  алған  ісін  орындап  шығу  жо- 

лында  алаңдамайды,  бөгде  нәрсе- 

лерге көңіл аудармайды. Істеген жұ- 

мысында  әрқилы  қиыншылықтар 

кездессе де, оған мойымай табанды- 

лық  пен  батылдық  көрсетеді.  Қолға 

алған  ісін  ерік-жігерімен  тынды- 

рымды етіп орындап шығуға жұмыл- 

дырады.  Ж.  адам  мінезіндегі  ерік-

жігермен, қайрат-қажырлықпен бай- 

ланысты ұнамды әрі іскерлік қасиет 

болады.  Әлемдегі  бұрын-соңды  қа- 

наушылық  пен  отаршылдықты  ба- 

сынан  кешірген  халықтардың  ер- 

кіндігі  мен  азаттығы  жолындағы 

күресі. Жанкештілік демократиялық 



қозғалыс  деп  аталады.  Ж.  жеке  бас 

пен тұтас бір халықтың азаттығы мен 

бостандығы үшін жан-тәнімен, шын 

ықылас-ынтасымен,  адал  ниетімен 

жүргізетін күресі.

ЖАНСЕБІЛДІК  –  адам  мінезінің, 

ерік-жігерінің  итжандылық,  көн- 

бестілік,  төзімділік  қасиеттері.  Қа- 

зақ  халқы  бірнеше  ғасыр  бойы  үс- 

темдік  еткен  өктемшіл  жүйе  мен 

өзге  халықтың  ықпалында  болып, 

отаршылдық саясатқа көнбістілікпен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет