243
туға және жетілдіруге алып келетін
тіршілік қарекеттің күрделілігін зерт-
теді. Жануарлардың психикалық
қарекетін, перцептивті процестерін,
бағдарлы зерттеушілік реакциясын,
жадын, эмоциясын, дағдысын және
үйреніп алудың өзге түрлерін, зия-
тын нақты зерттеу жануарлардың
өздерін ұстануының құрылымына
объективті анализ жасау негізінде
және адамға қарағанда жануарлар-
дың психикалық қарекеті толығымен
биологиялық факторлармен шарттас-
тырылатындықтан, зерттеліп отырған
түрдің экологиялық ерекшеліктерін
жан-жақты еске алуды талап етеді.
З-ның этологиямен және басқа био-
логиялық ғылымдармен ерекше ты-
ғыз байланысы осымен айқындалады.
зОРЫҒУ – тірі ағзаның тіршілік
етуіне қажетті қоректік заттардың
жетіспеуінен немесе ағзаның шама-
дан тыс көп жұмыс атқаруынан бо-
латын әлсіреу және дене әрекетін
жасауға күшінің жетпей қалу күйі.
Адам зорығуының психологиялық
жағы әлі толық зерттелмеген. Адам-
ның зорығуының сырын білу үшін,
алдымен оның себебін анықтап алу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: