Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


зЕРЕКТІК  –  адамның  саналы  әре-  кеті  мен  ақыл-ойының  ұнамды  әрі  зЕРД



Pdf көрінісі
бет342/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

зЕРЕКТІК  –  адамның  саналы  әре- 

кеті  мен  ақыл-ойының  ұнамды  әрі 



зЕРД

зЕРЕ


242

аса  қажетті  қасиеті.  Ұғымталдық, 

зейінділік  пен  пайымдылық  зерек- 

тіктің  мәнді,  тұрақты  белгі-сипатта- 

ры. «Дулат Абайдың ұғымтал зерек- 

тігіне шын сүйінді (Әуезов)». Адам- 

ның  саналы  әрекетіндегі  З.  қасиеті 

психикалық  процестердегі  түйсіну 

мен қабылдау, сезім, ойлау әрекетте- 

рі  болып  саналатын  талдау  мен  бі- 

ріктіру, нақтылау мен абстракциялау, 

салыстыру  мен  пайымдау  сияқты 

амал-тәсілдермен  өзара  тығыз  бай- 

ланысты түрде дамып отыратын жан 

жүйесінің  процестері.  З.  –  адамның 

өзінің  маңындағы  нәрселер  мен  құ- 

былыстарды  танып  білуіндегі  се- 

зімталдығын,  ақыл-ойының  ұшқыр- 

лығын, ойлау әрекеттерінің оралым- 

дығын білдіретін даралық қасиеті.

З.  жоғары  жүйке  қызметінің  типте- 

рі  мен  олардың  әсерлену  ерекшелік 

терін  көрсететін  темперамент  тип- 

теріне, мінез-құлқы мен қабілеттілік 

ерекшеліктеріне тәуелді болып оты- 

ратындығы  психологияда  ғылыми 

тұрғыдан  шындығы  айқындалған 

жайттар.  З.  қазақ  халқының  ғасыр- 

лар бойы даму тарихында сан алуан 

құбылыстар  мен  жеке  адамдардың 

өмірінен  айқын  көрініс  беріп  отыр- 

ған.  Халқымызға  атақ-даңқы  мен 

ақыл-ойы танымал болып, Жиренше 

шешен  мен  Қарашаш,  Тазша  бала 

мен Алдаркөсе, Қожанасырдың ақыл-

ойы мен зеректігі әрбір істің түйінін 

шешуде  айқын  көрініс  беріп  отыра- 

тын  халық  бұқарасына  өнеге  берер- 

лік  істер.  З.-тің  көрінісі  Ы.Алтын- 

сариннің «Асан мен Үсен» атты әңгі- 

месінен де айқын байқалады. Халқы- 

мыз ақыл-ой мен саналықтың қасиеті 

З-ті жоғары бағалап, ондай кейіпкер- 

лерді үлгі-өнеге тұтқан. З. – (зейінді- 

лік,  түсініктілік,  ұққыштық,  ұғым- 

дылық, ұғымталдық) әсер етуші нәр- 

селер  мен  құбылыстарды  сезім  мү- 

шелері  мен  ақыл-ой  арқылы  тез  қа- 

былдап, олардың мән-мағынасын же- 

те түсіну қабілеті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет