Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет350/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИДЕОМОТОРИКА  (грек.idea  – 

ұғым, түсінік, лат. motor – қозғалысқа 

әкелетін) – идеялармен берілген сырт- 

ИДЕА

ИДЕО



247

қы әрекет. Бұлшық ет қозғалысының 

сол  қозғалысты  орындауға  өтуі  (не- 

месе  қозғалысты  қамтамасыз  ететін 

жүйке  серпіндерінің  пайда  болуы). 

И.  қимыл  мүшелерінен  түсетін  кері 

байланыс  сигналдарымен  басқа- 

рылады.


И. ырықсыз, ұғынылмаған әрекет, се- 

бебі әлсіз көрінетін кеңістік сипатын- 

да  болады.  И.  ойдың  қозғалысқа 

ықпалы, кез келген қимыл-қозғалыс ту- 

ралы ой дененің қозғалысқа бейімдел- 

ген мүшелерін (қолын, көзін, басын, 

немесе  денесін)  көзге  онша  көріне 

бермейтін  материалды  қозғалысқа 

жетелейтінін түсіндіреді. Ондай қоз- 

ғалыстар  көбінесе,  ырықсыз  және 

адамның  өздік  санасынан  жасырын 

атқарылады.



ИКЕМДІЛІК  (синонимдері  –  еп- 

тілік,  еп,  іскерлік,  шеберлік,  істей 

білу,  білік).  Дағдыдан  икемділікті 

айыра білу қажет. Алынған білім не- 

гізінде бір нәрсені істей білуге икем- 

ділік болады, бірақ бұл істі орындау 

дағдысын  әлі  меңгермеген  болуы 

мүмкін. Мыс., бірінші сынып оқушы- 

сы екінші тоқсанда жаза біледі, бірақ 

жазу дағдысын меңгеріп болды деуге 

болмайды, өйткені өте баяу жазады, 

әрқашан дұрыс та таза бола бермей- 

ді.  Бірақ  оқушы  одан  әрі  қарай  бұл 

дағдыны  меңгеріп,  ақырында  тез 

жазып кетеді. Бұл арада дағды үйрен- 

ген  икемділік  негізінде  пайда  бола- 

ды, ал ол білімге (қандай да бір әріп- 

терді, жазуды жаза білуге) негіздел- 

ген.  Кейбірде,  адам  дағдылануы  не- 

гізінде икемділігін жетілдіре түседі.

Мыс.,  оқу  дағдысы  бар  оқушы,  әлі 

мәнерлеп  оқи  алмайды.  Педагогтың 

басшылығымен  ол  осы  шеберлікті 

үйренеді. Бірақ оқушы егер оқу дағ- 

дысын  жақсы  меңгермеген  болса, 

әрине,  бұл  өнерді  де  үйрене  алмас 

еді. Бұл арада И. бұрыннан бар дағ- 

ды негізінде қалыптасады. Сонымен, 

И. – адамның әрекет процесінде ал- 

ған білімін немесе дағдысына негіз- 

делген қандай да бір әрекетті орын- 

даудың біршама жетілдірілген тәсілі. 

И.  –  әрекетті  орындауға  даярлық. 

И.  әртүрлі  дәрежеде  болуы  мүмкін: 

бір  жағдайларда  олар  дағдының  қа- 

лыптасуына жәрдемдессе, екінші бір 

жағдайларда  –  іс-әрекеттің  одан  әрі 

дамуы  болып  табылады.  И.  пайда 

болу  үшін  көп  жаттықпаса  да  бола- 

ды.  И.  үшін  не  талап  етілетінін, 

әрекеттің  орындалу  тәсілін  білудің 

маңызы бар. И. – адамның әрекет үр- 

дісінде  алған  білімін  немесе  дағды- 

сына  негізделген  қандай да  бір  әре- 

кетті  орындаудың  біршама  жетіл- 

дірілген тәсілі.



ИКОНИКАЛЫҚ  ЕС.  Қабылдан- 

ған материалдарды адам миында өте 

қысқа  мерзімде  ғана  сақталуы.  И.е. 

ережесі бойынша қабылдау үрдісінің 

уақытында  ғана  қызмет  етеді.  И.е. 

– мағлұматты табиғи сезім ағзалары- 

ның көмегімен нақты қабылдап тұр- 

ған сәтте есте сақтауға бағдарланған 

жады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет