Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет395/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КөРУ

КөРУ


277

өмірінде атқаратын рөлі орасан зор. 

Мәселен, көру, есту түйсіктерінен ту- 

ғаннан  айырылған  адамдарда  өмір 

барысында ол түйсіктердің қызметін 

сипай сезу, тактилдік, діріл түйсіктері 

атқаратындығын көзі көрмейтін, құ- 

лағы  естімейтін  адамдардың  өмірі- 

нен  нақты  мысалдар  келтіру  арқы- 

лы  көзімізді  жеткізуге  болады.  Бір 

кезде  есімі  әлемге  танымал  болған, 

дарынды  дефектолог-ғалым,  пси- 

хология  ғылымдарының  кандидаты, 

ерекше  тағдырдың  иесі,  Ольга  Ско- 

роходова  балалық  шағында  көз  бен 

құлақтан  айырылды,  бірақ    орта 

және  жоғары  білім  алды.  Бірнеше 

ғылыми-психологиялық  және  әдеби 

еңбектердің  авторы,  көру  және  есту 

органдарынан  толық  айырылуына 

қарамастан,  бұл  еңбектер  әлемдік 

ғалымдардың  арасында  ерекше  қы- 

зығушылық  туғызды.  Оның  негізгі 

еңбектеріне:  «Мен  қалай  қоршаған 

дүниені қабылдаймын» (1947); «Мен 

қалай  қоршаған  ортаны  қабылдай- 

мын және елестетемін» (1954,1956); 

«Мен қалай қоршаған ортаны қабыл- 

даймын,  елестетемін  және  түсіне- 

мін» (1972).

Ол  XVIII  халықаралық  психолог- 

тардың конгресінде (Москва, 1966 ж.) 

сөйлеген  сөзінде  былай  деген  еді: 

«Көру және есту органынан айырыл- 

ған адам қолымен мүсінді ұстап кө- 

ре алады, осыдан өзі қанағаттанған- 

дық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да 

қолдың көмегімен ерте кездің жиһа- 

зын,  киімдерін,  өткір  бұрыштармен 

аяқталатын  терезелерін,  фигуралар 

мен әртүрлі макеттерді сезіп қабыл- 

дау  туралы  жазған  болатынмын. 

Осының бәрі көзі көрмейтін, құлағы 

естімейтін  адамға  эстетикалық  тұр- 

ғыдан қабылдауға мүмкіндік береді.  

Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош 

иісін,  теңіздің  немесе  өзеннің  иісін, 

егер олар жақын болса, түйсінеміз. Му- 

зыканы тыңдау үшін ойнап отырған 

адамның  музыкалық  аспабына  қо- 

лымды қойғанда, пырылдап ұйықтап 

жатқан  мысықтың  мойнына  саусақ- 

тарымды  салсам,  мен  одан  ләззат 

аламын». Сол сияқты ол найзағайдың 

қалай  күшті  күркіреген  дыбысын, 

теңізде  шомылу  кезінде  толқындар- 

ды  вибрация  (діріл)  арқылы  қалай 

түйсінетіндігін,  одан  қандай  ләззат 

алатындығы туралы тебірене айтқан 

болатын. Сол сияқты Ольга Скорохо- 

дова  түсті  ажырату,  кеңістіктегі  су- 

реттерді, жануарлар туралы түсінік- 

терді қалай елестететіндігі, оның таң- 

ғажайып сыры туралы тебірене жазды.



КөРІПКЕЛДІК  –  адам  мінезіндегі 

сезімталдық пен пайымдағыш қасиет- 

ті білдіретін сипат. К. білгірсініп, кө- 

регендік  көрсету,  болжағыштықты 

білдіретін  адамның  даралық  ерек- 

шелігі. К. қасиетті бір орайда кекесін- 

ді түрде сипаттап білгірсу, көргенсу, 

болжағышсыну  деп  те  анықтайды. 

К-ке  берілген  мұндай  анықтаманың 

мән-жайы сәуегейлік деп түсіндіріп, 

К-ті сықақ етіп сынап айтқанды біл- 

діреді.  «Келіп  қалған  көңілге  бұл 

бір сезім, Келген сөзді бүгерлік жоқ 

мінезім; Ғибрат айтар сәуегей болма- 

сақ та, Құрбы-құрдас оқы да ойла өзің» 

(Аманжолов).

К. алдағы болар істі, оқиғаны «осы- 

лай болады екен» деп болжамдап ашу- 

ды  білдіреді.  К.  –  қасиет  адамның 

өмір тәжірибесіне, білім деңгейі мен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет