281
рибесін жинақтап, қатерлі жағдайда
жеңуге жұмылдырады. Психология-
да К.(стрестік) жағдайды жеңіп,
қиыншылыққа төзіп, онан әр қилы
айла-амалдар жасап, қалыпты күйге
түсу дистресс деп аталады. К. сезім
күйіне берілгіш адам денсаулығын
да бұзып, жүйкелік ауруға жиі ұшы-
рап, ақыл-есінде қалыпты жағдайдан
ауытқушылық пайда болады. Төзім-
ділік пен тапқырлық, әрбір істің құ-
пия түйінін шеше білуге дағдылану
адамды К. пен дағдарысты жайттар-
дан арыла білудің тиімді амал-тәсі-
лі болып табылады.
КҮЙІНУ – адамның бойын қайғы-
қасірет жаулап алып уайымдауы. Ыза-
ланып, назаланады. Ауыр қайғыны
бастан кешіруде оның бойын ауыр
сезім билеп, қайғы-қасірет кешеді.
«Есей өзінің би білмегенін үлкен ке-
міс көріп күйінді (Ә.Нұрпейісов)».
«Күйініш күйдіргендей жердің жү-
зін, қиналып тоқтата алмай әркім
өзін, Ілініп қаралы күн қара тулар,
Әкетті бойды билеп ауыр сезім (Халық
өлеңі)». К. адамның ақыл-ойын се-
зім билеп қайғы-қасіретті басынан
кешіруде стрестік күйге ұшырайды.
Бұл орайда адам күйіп-пісіп, іс-әре-
кетінде ретсіз қимыл-қозғалыстар жа-
сап, жан дүниесінде зорлану, қина-
лу сияқты жағдайларға ұшырайды.
Ақылды сезім билеп, қайғырушылық
пен өкініштілік күйлерді басынан
кешіреді. Уайым-қайғыға беріліп,
адам бойын үмітсіздік билейді. Адам
мұндай ауыр жағдайды жеңу үшін
бойындағы күш-қуатын, ерік-жігерін
шыңдап ауыр жағдайдан сергудің
жолын іздестіруі қажет. Табандылық
пен ұстамдылық көрсетіп, өзінің
сезімімен еркін билеуге барынша ма-
шықтануы пайдалы болмақ.
КҮНШІЛДІК – мінездегі көре ал-
маушылықты білдіретін жағымсыз
қылық. Халық даналығы күншілдік-
тің жағымсыздығын әр алуан мақал-
мәтелдермен бейнелеп берген. «Оз-
быр олжа үшін өледі, күншіл күн-
деумен өледі», «Күншілдің күні қа-
раң» (Мақал). К. адамның өзгелердің
істеген ісі мен тіршілігінде қол жет-
кен табыстары мен атқарған ісінің
нәтижелі болуына қызғаныштық біл-
діріп, оларды жақтырмай, сыртынан
өтірік-өсек әңгімелер таратуды өзіне
медет санайды. Өзгелердің іс-нәти-
желерін әртүрлі саққа жүгіртіп ішкі
күйініш сезімін білдіруі. Әрбір мақ-
тан біреуден асамын деген, күншіл-
дікті білдіреді. «Менің мұнда тұр-
ғанымды көрсе, Дәулет күншілдікпен
жарылып кетер ме еді, қайтер еді? –
дейді езу тартып Жармағамбетов»
(Абай).
К. көре алмаушылық қызғанышты
білдірумен қатар, адамның күйінішін
де білдіретін жағымсыз мінез ерек-
шелігі. К. адамды сайқымазақ етіп,
оның іштарлығын мінейтін мәтел
«Ішің күйсе тұз жала» дейтін нақыл
сөз бар. Бұл нақыл әртүрлі жақта
айтыла береді. «Біздер мықты болған-
да, Достарымыз сүйінсін, Даңқымыз-
ға жер жарған, Көре алмаған күйін-
сін» (С.Мәуленов). К. жағымсыз қу-
лық ретінде маңындағы адамдар мен
қоныс-көршілерге де шарпуын тигі-
зіп, жағымсыз көршіден аулақ бо-
луын ойлайды. К. адам мінезінің жа-
ғымсыз қылығы болғандықтан кімді
Достарыңызбен бөлісу: