Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет400/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КҮЙІ

КҮНШ


282

болса  да  абырой-атаққа  жеткізбей- 

ді. К. адамды ашу-ызаға, қатыгездік 

пен мейірімсіздікке жетелейтін жек- 

сұрын қылық. Адам К.болудан ары- 

лып, өзінің бойында ізгі қасиеттерді 

қалыптастырғанда  ғана  былайғы 

жұртқа  ұнайтын  болуға  ұмтылғаны 

абзал.

КІНӘМШІЛДІК  –  мінездегі  өзге 

адамды айыптап, оның қателігін көр- 

гіштік, сөйтіп оны айыпты деп санау, 

өз ойындағысы болмаған соң жазғы- 

ру. К. – өзімсінген адамға тағылатын 

кінәрат.  К.  адамның  бір  жағынан 

жағымсыз,  ұнамсыз  қылығын  білді- 

ретін мінез ерекшелігі болса, екінші 

тараптан  алғанда,  өзімсінген  адам- 

ның  бойындағы  мінез-құлықтарын 

міней отырып сынаудың көрінісі бо- 

лып  саналады.  Өзге  жұрттың,  басқа 

адамның тіршілігі мен мінезінің кем- 

кетігін байқап көргіш, пайымдап біл- 

гіштігін білдіреді де, оны кінәлайды. 

К.  адам  мінезіндегі  көңіл  күйінен 

туындайтын орынсыз тілек пен өкпе- 

лі ойды да білдіреді.

К.  өз  мінезінің  кем-кетігіне  жете 

мән  бермей,  өзгелерге  орынсыз  ті- 

лек  қояды.  Мұндай  ретте  К.  оның 

наздануымен де төркіндес болып жа- 

тады.  Өзін  ақылды,  іскер  санап,  өз- 

гелерді  кінәраттау  өзімшілдік  пен 

өркөкіректікті  көрсететін  ұнамсыз 

қылық. Әдетте адам өзгелерді айып- 

тап,  оларды  кінәлау  үшін  ең  алды- 

мен  өзінің  кім  екеніне  де  сын  көзі- 

мен  ой  жүгіртіп  қарағаны  әдептілік 

пен адамгершіліктің өнегелі жайтта- 

рын білдіреді. Осы орайда ұлы Абай: 

«Соқтықпалы соқпақты жерде өстім, 

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қой- 

ма» дейді. Орынсыз К. адамның ақыл-

ойының өресіздігін білдіреді. Халық 

даналығы:  «Көрпеңе  қарай  көсіл» 

деген ұлағатты кеңес айтады.

КІСӘПІРЛІК  –  мінездегі  жағым- 

сыз,  жексұрын  қылық.  К.  бірнеше 

мағынада қолданылады: 1. К. қалтаға 

түсіп, ұрлық жасаушы адам. 2. Қиын-

қыстау  жағдайда  шыдамдылық  пен 

төзімділік көрсетіп, ауыр халден құ- 

тыла білу. 3. Адамдармен қарым-қа- 

тынас жасауда өзінің ойындағы мақ- 

сатына  жету  үшін  қандай  да  кедер- 

гі-тосқауыл  кездесетін  болса  да  он- 

дай  жағдайдан  босанудың  амал-ай- 

ласын тауып, онан құтылып кете ала- 

тын  қабілеттілігі.  К.-тің  тағы  бір 

ерекшелігі  –  мақсатты  ісін  жүзеге 

асыру  үшін  түрлі  айлакерлік  жасап, 

қару-құрал  қолданып,  адамдардың 

өмірін жоюға дейін барады. Мінезде- 

гі К. істеген ісі мен қимыл-әрекетін- 

дегі  қылмысын,  ұрлық-қорлығын 

мойындамай  қасарысып  қарсылық 

көрсетуден  танбайтын  жексұрын 

қылық.


КІШІЛІК  –  мінездегі  кішіпейілді- 

лік,  қайырымдылық  сипаттарымен 

ерекшеленетін  ұнамды  қасиет.  К. 

адамның  ибалығын,  әдептілігін  де 

білдіретін  жағымды  сипат.  «Жаман- 

ның  көңілі  көкте,  жерде  басы,  алыс 

қой аңғарарға екі арасы. Жақсының 

өзі кішік, ойы биік, бірдей ме екеуі- 

нің мәртебесі (Жамбыл)». «Досмағұл 

кішіпейіл,  мейірімді,  сабырлы  кісі  

еді  (Көбеев)».  «Кішіпейілділік  бәрі- 

мізге ұнайды (Иманжанов)».

Ауыспалы  түрде  К.  біреудің  айтқа- 

нын тыңдап, оның ақыл-кеңесін өмір 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет