291
ете алмайды. Қ.-тердің (материал-
дық, рухани, әлеуметтік, шығарма-
шылық т.б.) қанағаттанбауынан адам
көп қиыншылық көреді, өйткені бұл
оның сана-сезімінің өсуіне кедергі
келтіреді.
ҚАЖУ – 1) организмнің дене және
ақыл-ой жүктемелері ұзақ уақыт әсер
еткенде қалыптасатын және жұмыс
қабілетінің төмендеуімен сипаттала-
тын күйі. Организмнің қарекеті
қамтамасыз ететін психофизиология-
лық жүйелері жұмысының үйлесім-
сізденуінен білінеді. Бұл қан ай-
налысының, тыныстаудың, терморе-
гуляцияның және т.б. теңдес емес
өзгерулерінен, ал ой еңбегінен қажы-
ғанда зейіннің босаңсуынан, ойлау
процестерінің баяулауынан, жадтың
(қайта жаңғыртудың) қателесулері-
нен көрінеді. Субъективтік тұрғыда
Қ. жұмыстың қиындығы және жал-
ғастырылуы мүмкін еместігіне күйі-
ну ретіндегі шаршау секілді сезіледі.
Алайда шаршау қажуға тән орга-
низмдегі өзгерістерге әр кезде сай
бола бермейді, ол түрткі-себептің
жеткіліксіздігінен, жұмысқа деген
ынтаның жойылуынан және т.б.
туындауы мүмкін. Және, керісінше,
объективтік тұрғыдан қажыған адам
жұмысқа берілуі себепті шаршаға-
нын сезбеуі мүмкін. Ересек адам
Қ. пайда болған кезде организмнің
компенсаторлық мүмкіндіктерін
пайдалану есебінен біраз уақыт бо-
йына жұмысты жалғастыра беруі
ықтимал. Бірақ бұл орайда атқары-
латын жұмыстың, әдетте, сандық жә-
не сапалық көрсеткіштері бұған қар-
сы арнайы шүйілмесе төмендейді.
Басқа жағдайлар бірдей болғанда
Қ. жұмыстың ұзақтығына және
қарқындылығына тәуелді. Мектепке
дейінгі балаларда қажудың алғаш-
қы нысандары ғана білінеді: оның
алғашқы белгілері пайда болғанда ба-
ла атқарып жатқан қарекетін тоқ-
татады.
Қажуға себепші жағдайлар: жұмыс-
тың бірсарынды, іш пыстырарлық-
тай, қызғылықсыз болуы; жұмыстың
қолайсыз жағдайда атқарылуы (шуыл,
жарықтың жетіспеуі); қозғалыс бел-
сенділігінің болмауы, бұлшық еттер-
дің статистикалық ширығуы (тапжыл-
май отырып жұмыс істеу). Қажудың
білінуі бала организмінің күйіне де
байланысты. Ол ауырып тұрғаннан
кейін, созылыңқы интоксикация ке-
зінде және т.б. тез басталады.
Мектеп оқушысының қажи бастаға-
нының нышандары: қозғалақтап ты-
нышсыздану, зейіннің босаңсуы, шам-
шылдық, жұмыстың дәлдігі мен жыл-
дамдығының кемуі, реакция шап-
шаңдығының азаюы, материалдың
нашар игерілуі, бас ауруы. Қажудың
тез басталуының алдын алу амалда-
ры жұмыстың көлемін бала орга-
низмінің физиологиялық мүмкіндік-
теріне, психикалық процестердің да-
му деңгейіне сәйкестендіру, сондай-
ақ жұмысты орындау үшін қолай-
лы жағдай жасау болып табылады.
Оқушылардың ақыл-ой күшін әр
түрлі дәрежеде жұмылдыруды талап
ететіндей сабақтарды кездестіріп оты-
ру маңызды:
- жұмысқа қабілеттіліктің уақытша
төмендеуі;
- Қ. мінез-құлықта (жұмыстың өн-
беуі), физиологиялық жағдайда (ес-
тің, зияттың, зейіннің сезгіштіктің бұ-
зылуы);
Достарыңызбен бөлісу: