Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ҚАзАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУ



Pdf көрінісі
бет414/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУ 

КЕзЕҢДЕРІ

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


293

саласындағы  мамандардың  ғылы- 

ми зерттеу жұмыстарына бағыт-бағ- 

дар  беріп,  оларды  үйлестіру,  ғылы- 

ми  жиындар  тақырыптарын  белгі- 

леп,  оларға  басшылық  жасау,  елде 

жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыста- 

рының басын біріктіріп, оларды үй- 

лестіру.  Сол  кездері  осындай  Одақ- 

тық ұйым КСРО Педагогикалық ғы- 

лымдар  Академиясының,  кейіннен 

КСР Ғылым  Академиясының жаны- 

нан  құрылған  еді.  Ол  Бүкілодақтық 

психологтар  қоғамы  деп  аталатын 

еді.  Осы  қоғамның  бастамасымен 

7-ғылыми  съезд  ұйымдастырылып, 

1966  жылы  Мәскеуде  Дүниежүзі 

психологтарының ХVIII конгресі өт- 

кізілді.  Бұларға  Қазақстан  психо- 

логтары да үнемі қатысып отырды. 

Қазақстанда  республикалық  психо-

логтар  қоғамының  басшылығымен 

бірнеше ғылыми форумдар өткізілді. 

(Алматы,  Шымкент,  Целиноград, 

Көкшетау  т.б.).  Бұлардың  ішіндегі 

елеулісі – 1973 ж. Алматыда өткізіл- 

ген «Ойлау және қарым-қатынас» ат- 

ты  Бүкілодақтық  симпозиум  болды. 

Оның  10-нан  астам  секцияларында 

одақтас  республикалардың  әр  түк- 

пірінен келген психологтардың 150- 

ге жуық баяндамалары тыңдалды.

Осы  жиынға  ғалымдар  «Одақ  кө- 

лемінде  өтетін  психологтар  съезіне 

тең  келетін  жиын»  деп  баға  берді. 

Қазақстан психологтары қоғамының 

Орталық кеңесі, президиумы екі қа- 

лада  (Шымкент,  Целиноград)  об- 

лыстық  бөлімшелері  жұмыс  істеді. 

Ғылыми жиындардың материалдары 

«Психология» атты 11 арнаулы томда 

және  басқа  да  ғылыми  жинақтарда 

жарияланды.  1991  жылы  Қоғам  өз 

жұмысын тоқтатты.

Кеңес  одағы  ыдырағаннан  кейін 

егемендігі  мен  тәуелсіздігін  жария- 

лаған  бұрынғы  республикалар  өз 

елдерінде  дербес  ұлттық  психолог- 

тар  қоғамын  құра  бастады.  Қазіргі 

кездегі  олардың  ең  ірілері  –  Ресей, 

Украина,  Грузия  психологтар  қоға- 

мы. Қазақстанда мұндай қоғам әзір- 

ше  болмай  келеді.  Мұны  ұйымдас- 

тыруға  бізде  толық  мүмкіншіліктер 

жеткілікті.

Алматы,  Астана  облыс  орталықта- 

рындағы психолог ғалымдардың қа- 

тары  қауырт  өсуде,  Абай  атындағы 

Қазақ ұлттық педагогикалық универ-

ситетінде  психология  ғылыми-зерт- 

теу институты, әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінде акаде- 

мик Т.Т.Тәжібаев ат. этнопсихология 

орталығы (1991) жұмыс істейді.

Психология саласында 30-дан астам 

ғылым  докторлары  мен  профессор- 

лары бар.

1990-


1991 

жж. 


бастап 

қазіргі 


уақытқа 

дейін.


Посткеңестік 

Қазақстандағы 

психологиялық 

ғылым.


Бұл кезеңде Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өзінің дербес 

даму жолына түсті. Мұндағы басты ерекшелік ел экономикасының 

нарықтық қатынастарға өтуі болды. КСРО тарағаннан кейін марксизм 

идеясы өмір сахнасынан кете бастады. Бұл фактор республикадағы 

психология ғылымының жаңа бағытта дамуына басты түрткі болды. 

Этно-психологиялық  зерттеулер  өрістей  бастады,  университеттік 

білімі  бар  психологтарды  дайындауды  қайтадан  қолға  алды 

(бакалавриат,  магистратура),  бірқатар  ЖОО-ларда  психология 

кафедралары, диссертациялық кеңестер жұмыс істей бастады, пси-

хологияның  жекелеген  салаларының  өзекті  мәселелері  бойынша 

аймақтық, мемлекетаралық, халықаралық ғылыми конференциялар 

жиі өткізіле бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет