Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет422/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


298

гендей.  Осы  сұраққа  жауапты  бей- 

жай,  сондай-ақ  сергек  сезіммен  ай- 

татындар  да  баршылық.  Енді  бізге 

нық бағыт ұстайтын, өмірде біржақ- 

ты  болатын  кез  келді.  Еліміздің  та- 

биғи  байлығы,  өлшеусіз  молдығы 

арқылы  тану  бұдан  бұлай  жеткілік- 

сіз. Таяу аралықта Қазақстанның ба- 

қуатты  елге,  күшті  державаға  айна- 

луына сеніміміз мол. Оған ұлт бірлі- 

гі,  ел  тұтастығы,  қажырлы  еңбегі 

нәтижелі іс-әрекеттері керек.

Жас өскін, енді сен өзіңнің туған же- 

ріңде, сол азаматтық кемелетке ену- 

десің.  Сен  жаңа  ортада  нарықтық 

қоғамда  жаңа  талап  пен  сұранысқа 

лайықты  қауымдаса  біліп,  өсіп-өр- 

кендеуің қажет. Десек те, азаматтық 

сатыға,  тұлға  болуға  әркім  өзінше 

көтеріледі. Адами қасиеттерін өзінше 

дәйектеп,  көрсетеді.  Ұрпақтың  ұла- 

ғаттылығы мен үлгілері олардың са- 

бақтастығында.  Қазақ  жері  мен  елі- 

нің иесі болу үшін қазақ болу қажет 

десек, қателесе қоймаспыз. Кім осы- 

лайша  ойлайды,  осы  дәстүр-салтты 

қабылдайды, гәп осында. Бұл жерде 

алдымен өз елі мен жерін сүйетіндер 

соған  қызмет  ететіндер,  Отанның 

ұлы  мұрат-мақсаттарын  жоғары  тұ- 

татындар бірінші сапта тұратындары 

хақ.  Ердің  естілігі,  елеулі  ортаның 

берекесі,  елдің  бірлігі  секілді  құн- 

дылықтар  мен  іс-әрекеттер  арқылы 

осы  айтылғандар  біртіндеп  қалып- 

тасады да кейіннен өз бағасын алады.

«Отан – елдің анасы, ел – ердің ана- 

сы»  деген  қағидаға  сүйенеді.  Сол 

ережені орындайтын да, жүзеге асы- 

ратын да – сіз бен біз. Осынау үрдіс- 

тің ережесін батыр ағаларың Бауыр- 

жан  Момышұлы:  «Ежелден  ер  тіле- 

гі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел 

тірегі»,  –  деп  түйіндеген.  Қазақ  бо- 

лу – өзгеден жіктеліп, бөліну немесе 

оған қарсы болу емес. Керісінше, өз- 

гемен,  өнері,  өнегесі  басқа  жанмен 

танысып, тіл табысуына жарасу. Бұл 

адамзаттың да, төл халқымыздың да 

үйреткені мен үйретері. Үйренеріміз – 

Қазақстанның мемлекеттігін, ұлттың 

дербестігін және тұтастығын, халқы- 

мыздың  имандылығы,  әділдігі  мен 

инабаттылығын  нығайтуға  келіп  ті- 

реледі. Адамның жеке басының жеті- 

луі,  оның  күш-қуатының  әлеумет- 

тенуіне  жету  үшін  жеке  болмыстың 

бейнесі мен белсенділігін қалыптас- 

тыру  керек.  Үзеңгінің  осындай  екі 

жағына  табан  тіреген  адам  азамат- 

тығын  арттырады,  өмірге  сеніммен 

қарайды,  жақсылық  пен  жақындық- 

қа  жарайды.  Қазақ  өзін  де,  өзгені 

де  ойлау  адамдықтың  белгісі  дейді. 

Адамдықтың  сырын  ұғар,  қырын 

қабылдар озық ой, тіпті ұлттық дәс- 

түрді  сараптайтын,  ұлттық  тәрбиені 

баптайтын білім керек.

Білім  саласында  озық  ойға  тоймай- 

тын, одан ұлттық салт-дәстүріміз өр- 

кендей  берсін.  Бұл  орайда  біреулер 

дүние жалған, құбылмалы деп, оның 

тұтастығын ескеруді мақсат тұтады, 

енді  бірі  –  жеке  қыры  мен  сырын 

қарастыруды жөн санайды. Тұтастық-

тұрақтылық, жеке қырға шығу – жақ- 

сы  қасиет.  Жас  ұрпақтың  ел-жұрты, 

ұлт намысы туралы түсінігі әрқалай 

болса  да,  осы  жолдағы  ізденіс  пен 

бағытының  тұрақты  болуы  шарт. 

Әлеуметтік және жеке бастық тұрақ- 

тылықты бүгінде ұлттық болмыстан, 

ұлттық  тәрбиеден,  ұлттық  тілден 

іздестірудеміз.  Ол  дегеніміз  шәкірт 

атаулының  көкірек  көзін  ашатын 

адамдық  және  ұлттық  тәрбиені  же- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет