Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет426/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


301

рін атап көрсеткен жазушы өз кезін- 

дегі  туған  халқына  келгенде  мүлде 

басқаша бағытқа түседі.

Халыққа  кері  әсер  етуші  сырт  күш 

ретінде отарлаушы ел Ресейдің әкім- 

шілік  билеу  жүйесін  айыптайды. 

Автор  «Қазақтың  ұлттық  қалпы 

өзгерді. Тірлігі, мақсаты басқа, ниеті 

шалғай, суық бауыр жаттың қолына 

тиді. «Қазаншының еркі бар, қайдан 

құлақ шығарса» деген халге ұшыра- 

ды.  Кемеңгер  билердің  заманы  құ- 

рып,  адамды  мал  мен  пұлға  сатып 

алатын  заманға  килікті»,  –  деп,  Ре- 

сей  отарлап  алғаннан  кейін  бағы- 

нышты, «тыныш» күйдегі қазақ хал- 

қының бірнеше ғасырлық еркін, жа- 

уынгерлік сипаттағы өмірден қалып- 

тасқан ірі мінездерден айырыла бас- 

тауының  себептерін  талдаған.  Әсі- 

ресе,  отарлаушы  ел  орнатқан  әкім 

(болыс,  аға  сұлтан)  сайлау  жүйесі- 

нің, «партияның» халықты аздырып 

бара жатқанына өкінеді. Өткен кезең- 

дегі қазақтың ірі мінездерінің орны- 

на енді «ұрлық, зорлық, қорлық, өті- 

рік,  өсек,  алдау,  қулық,  сұмдық,  ай- 

дату,  байлату,  кісі  өлу  –  рақымсыз- 

дық,  жалған  мақтан,  ынсапсыздық, 

тұрақсыздық,  жалқаулық»  сияқты 

қасиеттердің  үдеп,  өсіп  бара  жатқа- 

нын,  бұрынғы  батырлардың  ауыл-

үйдің  арасындағы  ұрлыққа  былға- 

нып  жүргенін,  бұрынғы  бидің  ұсақ- 

танып сатыла бастағанын халықтың 

әлеуметтік  өзгерістерге  берген  «жа- 

уабы» ретінде көрсетеді.

«Қазақ ішіндегі партия неден?» атты 

мақаласында  бұл  ойларын  әрі  қа- 

рай нақтылай, дамыта түседі. «Қазақ 

халқы  қысымсыз,  еркін  өскен  таби- 

ғатына лайық өскен жауынгер мінез- 

ді келіп, билеу тәртібінде қысым қа- 

руы көп орыс қолына тиді... Халық- 

тың  бетіндегі  бұрынғы  келе  жатқан 

жауынгерлік мінез қаққы көріп, өмір 

жолынан  шығып  қалды»,  –  деп,  ха- 

лықты  аздырушы  күштің  атын  тіке- 

лей атап, «ездікке мінген кең, салақ, 

сөзуар» мінездің шығу төркінін анық- 

тай  түскен.  Мұнымен  қатар,  қазақ, 

халқының өміріне ене бастаған тұр- 

мыстағы  жаңалықтар,  отырықшы 

тұрмыстың  белгілеріне  сын  көзбен 

қарап,  қысы-жазы  ауасы  таза  киіз 

үйде ыстық-суыққа шынығып өскен 

қазақтардың  қыста  жер  үйлерге  кі- 

ріп,  ылас,  сыз  ауадан  аурулы  бола 

бастағанын,  саушылығы  аз  денеде 

кеселді  мінездің  тез  орнығатынын 

байыптайды.  Авторлар  мұндай  ой- 

ларын  халқының  болашағын  ойла- 

ғанның  ұлтшылдық,  ағартушылық 

мақсаттары тұрғысынан айтып отыр. 

Жазушының  жоғарыда  аталған 

мақалаларының астарында, кей жер- 

лерінде  ғасырлар  бойғы  еркін  көш- 

пелі өмір, кең дала, тұрмыс сипаты, 

ішкен  асы  қалыптастырған  қазақ 

халқының жақсы қасиеттері – кең қол- 

тық қонақжайлығы, жұмсақтығы, кең 

пейілі,  ұшқыр  ойлы  дарындылығы 

да көрсетіліп отырады.

Адамтану саласындағы ғылымдарда 

(анатомия,  физиология,  медицина, 

этнопсихология,  т.б.)  ішкен  асы  бе- 

локқа  (ет,  сүт  тағамдары)  бай,  бос 

уақыты  мол  адамдар  тобының  ой 

ұшқырлығы (реактивтік) ерекше бо- 

латынын  дене  күші,  ептілігі,  жыл- 

дамдығы  жоғары  деңгейде  екенін 

дәлелдеген.  Керісінше,  еңбегі  ауыр, 

уақыты аз, ішкен асы негізінде өсім- 

діктен  тұратын  халықтардың  шы- 

дамды,  табанды  келетінін  айтады. 

Осының  бір  қарапайым  мысалы  – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет