314
жалаң ой мен жел сөзден аулақ бо-
лып, бала тәрбиелеу ісіне ерекше кө-
ңіл аудара қарап, ақтара тексеріп оты-
ру қажет, «ата-ана бала мінезін жақ-
сы жолға салуда, кей нәрсенің себе-
бін түсіндіріп, ерте бастан мынау жақ-
сы, мынаны істеуге болмайды деп
үйретуі тиіс» дейді. Баланың ақылы
бірте-бірте өспекші, міне осы мезгіл-
де оған жолбасшылық ету тәрбиенің
басты бір шарты. Үйретудің, жол
көрсетудің қай орында тұрғандығы
осыдан көрінсе керек.
Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеу-
дің пайда бермейтіндігін айта келіп:
«Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезін-
де, иә болмаса жаза тартып болысы-
мен үгіттеуден сақтану керек. Мұн-
дай кезде берілген үгіттің тудыра-
тын әсері жақсы сөзден жиренуден
басқа ештеңе емес!» – деп мәселенің
психологиялық астарына үңіледі.
Ғ.Қарашев жас ұрпаққа тәлім-тәрбие
беруде мұғалім негізгі тұлға екенін
әр кез естен шығармайды. Ол мұғалім-
ге қойылатын талап-тілекке оқыту,
үйрету, тәрбиелеу ісіне жеңіл-желпі
қарамай, оған аса жауаптылық пен
тиянақтылық керек екенін ескертеді.
«Жансыз түсіндіру, – дейді ол, – тың-
дауға тартымсыз және де естуге ауыр
болудың үстіне тез ұмытылатын бо-
лады. ...Мұғалім болған адамның шә-
кірттері риза боларлықтай мінезі, олар-
ды толық қанағаттандырарлықтай
білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ
ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды.
Мұны мықтап есте ұстау керек. Шә-
кірт өзі жан-тәнімен сүйген мұға-
лімінен ғана тиянақты білім ала ала-
ды», – деп өз ойын тұжырымдайды.
Ғ.Қарашев баланың үйдегі тәлім-тәр-
биесіне де ерекше мән береді. Тәлім-
тәрбие ісі әулеттің ортақ мүддесі екен-
дігін айтады. Сондай-ақ, іскерлігі
мол адамдардың да өнеге үлгісінің
үлкен маңызы бар. «Бір адам өзінің
жағымсыз мінез-құлықтарын түзе-
тетін болса, – дейді ол, – мұның әсері
тіпті семьясынан да асып, туысқан ұр-
пақтарына, онан да кеңейіп отандас-
тарына да жұғады».
ҚАРТАЮ – организм мен психи-
каның инновациялық өзгерістері (да-
мудың тежеліп, кері жүруі). Қарттық
шақта (75-90 жас) денсаулықтың өр-
шіген әлсіреуі, физикалық күштің
сөнуі, жаңғалақтық пен ұмытшақ-
тық пайда болып, басқа да жағымсыз
мінез бітістері күшейеді. Кейбір қарт-
тарда авторитарлық (өзбеткейлік) кү-
шейсе, ал басқаларында ауыру сал-
дарынан физикалық жәрдемсіздік,
сентималдылық пайда болады. Егер
адам өзінің өткен өмірін жағымды
бағаласа, онда ол қанағаттылық сезі-
мін, міндет пен парыздың орындал-
ғандығы және өз тәжірибесімен бөлі-
су сезімін бастан кешіреді.
Ал егер адам өз өткен өмірінде өзін-
өзі жүзеге асыра алмаса, қойылған
мақсаттарға жете алмаса, сүрген өмір-
дің пайдасыздығы, сезімі, күдер үзу
пайда болады. Шығармашылық ма-
мандықтардағы адамдар қарттық шақ-
та да жоғары ақыл-ой қабілеті мен
еңбек өнімділігін сақтай алады. Қарт-
тық шақ – қоғамның өндірістік өмі-
ріне тікелей қатысудан айырылумен
байланысты өмірдің соңғы кезеңі. Қ.
кезеңін кемелдік кезеңнен бөлетін
шекараны хронологиялық анықтау
қарттық белгісінің пайда болуында-
Достарыңызбен бөлісу: