ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – бұл халқы-
мыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Қа-
зақтардың, – деп жазды, осы халық-
тың өмірін, тұрмыс-салтын алғаш
зерттеушілердің бірі А.И.Левшин,
(1799-1879) – басқа Азия халықтары-
на қарағанда... қайырымдылық, адам-
ды аяу, қарттарға құрмет көрсету, ба-
ланы аялап, жанындай жақсы көруі –
айрықша қасиеті». Біздер – «жылуы
жоқ үйден без, қайырымы жоқ би-
ден без» деп, осынау қасиеттен жұр-
дай адамның жұртқа қадірі болмай-
тынын бірден кесіп айтатын халық-
пыз. Адам өміріндегі ең игі істің бі-
рі – қаріп-қасірге, кедей-кепшік, жар-
лы-жақыбайларға қамқорлық жасау.
«Құран кәрімде» де қайыр-садақа бе-
ру – әр адамның мұсылмандық па-
рызы делінген. Қайырымдылық – кең
мағыналы ұғым. Мәселен, отбасын-
дағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кі-
шінің үлкенге ізеті, баланың ата-ана-
ға, әке-шешенің бала-шағасына ме-
йір-шапағаты, ұл мен қыздың ер жет-
кен соң еліне қызмет етуі – қайы-
рымдылықтың түрлі көріністері мен
қайнар көздері. Халқымыз өз ұрпа-
ғына осы қастерлі қасиетті ес біліп,
етек жаба бастаған кезден үйретіп,
мұны тұрмыстық салтқа, адамгерші-
лік дәстүрге айналдырып отырған.
Халық «бір үйлі жансың, бір-біріңе
меймансың», «бір-біріңді сыйласаң –
жан семіреді» – деп, қайырымды-
лық қасиетті ұрпағына мирас етіп,
ерекше қадір тұтып, қастерлеп кел-
генін біздер еш уақытта естен шығар-
мауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |