Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет451/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАШҚ

ҚАШҚ


318

Жоғарыда  келтірілген  жекеленген 

фактілердің өзі «Диван лұғат ат түрк- 

ті»  орта  ғасырдағы  қазақ  халқының 

қоғамдық ой-пікір тарихына да қаты- 

сы бар елеулі шығарма деп тұжырым 

Л.Н.Гумилев еңбектерінде «түркілер- 

де  сөздің  күші  ақиқатты,  шынайы 

күш болып есептеледі, айтылғанның 

айғағы деп тегін айтылмаған. «Құдат- 

ғу білікте» де, «Диванда» да тіл жай- 

лы айтылған түйіндер, тіл немесе сөз 

қадірін  білу  –  кісінің  тәрбиелілігі- 

нің көрсеткіші дейтін Қашқари қағи- 

дасы аса маңызды. «Әдептің басы – 

тіл», «Тіл – тәрбиелік пен қайырым- 

дылықтың басы», «Ақылды сөз – ал- 

тын  табаққа  жеткізер»,  т.б.  қазіргі 

кезде де ерекше мәнге ие боп отырға- 

ны белгілі. «Диван» қазіргі түркілер- 

дің бәріне ортақ рухани асыл қазына 

болумен  бірге  қазіргі  қазақтардың 

тәлім-тәрбиелік,  психологиялық  ой- 

пікірлерінің де түп-төркіні, ілкі бас- 

тауының бірі екендігіне шүбә келті- 

руге болмайды.



ҚИЯЛ – 1.психикалық үрдіс: а) мә- 

селелі  жағдай  белгісіз  болғанда  мі- 

нез-құлық  бағдарламасын  жасайды; 

ә)  іс-әрекетті  бағдарламайды,  бірақ 

оның орнын ауыстыратын бейнелер- 

ді  жасайды;  б)  объекттің  суретте- 

луіне сәйкес бейнелерді жасайды.

Қиялдың  маңызды  мәні  –  іс-әрекет 

басталғанға  дейін  нәтижесін  көруге 

мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы 

іс-әрекет  үрдісіне  бағдарлайды.  Қ. 

басқа да психикалық үрдістер сияқ- 

ты  аналитикалық-синтетикалық  си- 

патқа  ие.  Қ.  айқын  болмысты  жаңа, 

күтпеген, әдеттен тыс басқаша байла- 

ныспен  үйлесімділікте  бейнелейді. 

Қ. нысандары: сұлбалау, агглютина- 

ция, типтендіру, әсірелеу, гиперболи- 

зациялау;  түрлері:  белсенді  Қ.  және 

енжар Қ.

2. психологияда сыртқы дүние затта- 

ры мен құбылыстарының субъектив- 

ті  бейнелерін  қайтадан  өңдеп  бей- 

нелеуде көрінетін тек адамға ғана тән 

психикалық үрдіс. Адамның миында 

Қ.  пайда  болған  кезде  ми  қабығын- 

да  бұрын  жасалған  уақытша  байла- 

ныстар  түрлі  өзгерістерге  түседі  де, 

жаңа  заттар  мен  құбылыстардың 

бейнесі туып отырады. Уақытша бай- 

ланыстарды  қайта  тудырып,  өңдеу 

үрдісінде  екінші  сигнал  жүйесі  ше- 

шуші  рөл  атқарады.  Әрбір  адамның  

Қ. ерекшеліктері сол адамның құмар- 

тып қызығуына, жекелік ерекшелік- 

теріне,  алдына  қойған  мақсатына 

байланысты. Сондай-ақ қиялдың маз- 

мұны мен түрі адамның жас ерекше- 

ліктері  мен  білім  тәжірибелеріне  де 

байланысты. Қ. адамның барлық пси- 

хикалық  құбылыстарымен  ұштасып 

жататын  үрдіс.  Сонымен  бұрын  біз 

қабылдамаған  заттар  мен  құбылыс- 

тардың  бейнелерін  жасаудағы  пси- 

икалық үрдісті қиял деп атайды.

Қ. адам бұрын өзі көріп-білмеген нәр- 

селерінің бейнесін көз алдына елес- 

тету,  олардан  жаңа  бейне  жасау  не- 

месе  бұрынғы  қабылданған,  жинал- 

ған  бейнелерге  сүйене  отырып,  өз 

басында  тың,  жаңа  элементтер  мен 

идеялар тудыру. Ырықсыз қиял адам- 

ның  алдына  мақсат  қоймай-ақ,  ба- 

сындағы елестердің ағытылып, бірі- 

нен соң бірі өтіп жататын кезінде тууы. 

Ырықты  қиял  адамның  алдына  са- 

налы түрде мақсат қоя отырып, әдейі 

бейнелер  жасау  мен  қажетті  бейне- 

лер тудыруы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет