Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет452/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚИЯЛ

ҚИЯЛ


319

ҚИЯЛДЫҢ  ЖАСАЛУ  ЖОЛДА- 

РЫ.  Қиял  түрлі  елестеулердің  өзге- 

ріп,  өңделуінің  арқасында  жасалып 

отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс- 

тері, агглютинация, схематизация түр- 

лі  схемалар  мен  суреттердің  акцен- 

тировка  (образдың  типтік  басты 

белгілерін  жасау)  тәсілдері  қолда- 

нылады. Қиялдағы елестерді топтас- 

тырудың қарапайым түрі агглютина- 

ция  деп  аталады.  Осы  әдіс  арқылы 

мифологиялық  бейнелер  (кентавр, 

сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха- 

низмдердің машиналардың конструк- 

циялары (амфибия – танк, судан өте 

алатын  жеңіл  танк,  аэро-шана  –  су- 

ға қонып, ұша алатын самолет) құрас- 

тырылады.

Қиял бейнелерін жасауға қатысатын 

әдістердің  бірі  –  гипербола.  Гипер- 

бола  деп  нәрсенің  жеке  сипаттары, 

белгілері  үлкейтіліп  көрсетілуін  ай- 

тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер- 

лі болып шығады, гиперболада бел- 

гілі бір бейнелердің алға шығып ай- 

қын  байқалуына  жағдай  жасалады. 

Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер- 

ді  жасауда  гипербола  көп  қолданы- 

лады.  Мәселен,  Д.Свифтің  «Гулли- 

вердің саяхатындағы» ергежейлілер- 

дің,  В.Маяковскийдің  «150000000» 

поэмасындағы  капиталистердің  кө- 

семі В.Вильсонның бейнелері гипер- 

бола  әдісімен  жасаған.  Мұнда  сон- 

дай-ақ  тұтас  заттың  жеке  бөліктері- 

нің  саны  өзгертіледі,  олардың  орны 

ауыстырылады. Мәселен, үнді мифо- 

логиясындағы  көп  қолды  құдайлар 

мен  жеті  басты  айдаһардың  бейне- 

лері осылайша құрастырылған.

Қиял  бейнелерін  жасаудың  енді  бір 

әдісі  –  нәрсенің  бір  жағын  ерекше 

әсерлей көрсету. Карикатуралар мен 

достық әзілдер осылайша жасалына- 

ды.  Егер  заттардың  айырмашылық- 

тарын  ескермей,  оның  ұқсастықта- 

рына  көбірек  көңіл  бөлетін  болса, 

схематизация әдісі қолданылады. Су- 

ретшінің  өсімдіктер  дүниесінің  эле- 

менттерінен  ою  қиыстыруы  осыған 

мысал бола алады.

Қиял  образдарының  күрделі  түрі  – 

типтік образдар жасау. Типтік образ- 

дар  жасауда  бірінші  орында  нақты 

адамның ортақ бейнелері көзге түсе- 

ді:  «Бір  жұмысшының,  поптың,  дү- 

кенші  саудагердің  портретін  дұрыс 

суреттеп жазу үшін, жүз, екі жүз ша- 

малы  поп,  жұмысшы,  саудагерлерді 

қадағалап қарауымыз керек», – дейді 

М.Горький.  Типтік  образдар  жасау 

дегеніміз тұтас бірқатар объектілер- 

дің барлығына бірдей, ортақ белгіле- 

рі  бар  бір  образ  жасап,  жанастыру. 

Жазушының осылайша жасаған тип- 

тік  образы  бір  жағынан  жеке  адам- 

ның даралық ерекшеліктерін білдіре- 

тін образ болып та есептелінеді. Мә- 

селен,  «Абай»  романындағы  Құнан- 

бай  образы  сол  кездегі  үстем  тап 

өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, 

сонымен  қатар,  ол  өзіндік  психоло- 

гиялық қасиеттері бар жеке адамның 

да образы.

Осы әдістер арқылы айтарлықтай ма- 

ңызды  шығармашылық  қиял  образ- 

дарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, 

агглютинацияда жеке фактілерді зерт- 

теу, жинақтау, мәселелердің түпкі ние- 

тін  көздеу  дегендер  жетіспей  жата- 

ды. Сондықтан да творчестволық қиял- 

дың  жоғары  формаларында  ғылы- 

ми-техникалық  көркем  әдебиет  т.б. 

онша көп қолданылмайды. Шығарма- 

шылық  әрекетте  адамдар  көбінесеі 

интуицияға жүгініп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет