Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет449/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   877
ҚАРЫ

ҚАРЫ


316

1.  Адамның  жеке  басы  мен  кісілік 

қасиетін көрсететін ашық-жарқынды- 

ғы, сенімділігі мен ақпейілділігі;

2.  Әріптестерімен  жалпы  тіл  тауып 

сөйлесіп, бірін-бірі жете түсінісе алуы 

сияқты ұнамды сапалар.

Қатынас жасау адамның даралық мі- 

нез  қасиеті.  Ол  келесі  сатылардан 

тұрады: 1-ші сатысы өзгелермен Қ.-қ. 

орнатуға ниет білдіруі; 2-ші сатыда 

қатынас жасайтын әріптестерінің кім- 

дер екенін танып білуге ықылас біл- 

діріп, олар жайында қажетті мәлімет- 

тер  алуға  ұмтылады.  Әрбір  әріптесі 

мен  өзінің  өзара  қатынасының  нен- 

дей  рөлдер  атқаруы  жайлы  елестері 

пайда болады. Әріптестерінің кімдер 

екенін, танып білуге мән беріп, мен 

олардың арасында қандай орын ала- 

мын  деп,  өзгелердің  пікірімен  сана- 

сады. Өзін өзгелердің орнына қойып, 

ішкі  жан  дүниесінің  сырына  барлау 

жасайды.


Мұның  бәрін  ол  өзінің  ақыл-мөл- 

шерімен таразылап көреді де, ұжым 

ішінде  өзімнің  атқаратын  ісім  мен 

мінез-қылығым  қалай  болуы  керек 

деген міндетті шешеді. 3-ші сатыда 

қатынас жасаушы серіктері жайында 

өзара  тілдесіп,  ұғынысудың  жолын 

іздестіреді. Егер олар тіл табыса ала- 

тын  белгілі  іс-әрекеттерді  атқаруға 

кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішін- 

дегі  әріптестерінің  кімдер  екенін 

аңғарып, оларды да, өзін де танып бі- 

летіндей  деңгейге  көтеріледі.  4-ші 

сатыда Қ.-к. жасап, тілдескен әріп- 

тестер  нендей  істерді  атқара  алады 

және  олардың  іс-әрекеті  мен  мінез-

қылығында,  қабілетінде  нендей  жа- 

ғымды істері бар, ұнамды қасиеттері 

мен  олқылықтары  кездеседі  деген 

жайттарды анықтап, кімнің кім еке- 

нін білетін болады.

Егер тіл табысып кете алмайтындай 

жайттар байқалатын болса, онда қа- 

тынасқа түскен адамның өзгелермен 

онан әрі Қ.-қ. жасаудың пайдасыз еке- 

нін аңғарып, солардан өзін аулақ ұс- 

тауға  әрекеттенеді.  Дегенмен  адам- 

ның өзгелермен тілдесіп Қ.-қ. жасай 

білуі жалпы адами қасиеттердің аса 

қажет түрінің бірі. Қ.-қ. – қажеттілік- 

тері  әртүрлі  адамдардың  бір-бірі- 

мен  пікір  алмасуы,  бірлесіп  шешім 

қабылдауы,  әңгімелесушіні  түсіну 

және  қабылдау  және  де  басқа  әре- 

кеттестіктерді жасау түрлері.

Қарым-қатынастың адекватты стилі – 

адамның  алдына  қойған  мақсатына 

оңай және тез жетуіне және адамдар- 

ға  қажетті  түрде  әсер  етуіне,  олар- 

мен жақсы қарым-қатынасын сақтау- 

ға  ықпал  ететін  адамдардың  басқа 

адамдармен  қарым-қатынас  жасау 

стилі.  Қатынастың  жетекші  типі  – 

ортадағы адамдармен нақты жас ша- 

ғында жетекші болатын қатынастың 

типі.  Қатынастың  жетекші  типінің 

ықпалымен  адамда  негізгі  тұлғалық 

сапалы қасиеттері қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет