ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – біріккен іс-
әрекет қажеттілігін туғызатын, адам-
дар арасындағы байланыстың да-
муын орнататын күрделі көп жоспар-
лы үрдіс. Адамдардың танымдық
хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі,
бір-бірін қабылдауы. Қ.-қ.-тың үш
жағы бар – интерактивті, комму-
никативті, перцептивті. Қ.-қ. дең-
гейлері – мезо, макро, микро, стан-
дартты, шаблонды, жабайы, рухани,
іскер, ойын, т.б. Қ.-қ. түрлері –
әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бас-
тық бағдарлаушы, топтық, топ-
аралық және т.б.
Адамдар арасындағы Қ.-қ. жасау да
аса қажетті шарттың бірі – сөйлеу-
шілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге,
тыңдаушыларға қалайда жеткізіп,
оларға әсер етуді көздесе, ал тың-
даушылардың Қ.-қ. орнатудағы сөй-
леуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғы-
нып, оны іс жүзіне асыра білу мәде-
ниеттілігіне байланысты. Бұл жайт-
тан біз Қ.-қ. жасаудың үнемі екіжақ-
ты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы
жүргізілген зерттеу нәтижелері бо-
йынша адамдардың басым көпшілігі
өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп
қарым-қатынас жасауға жұмсайды
екен. Ал жетекші қызмет пен басшы-
лық ететін адамдар өздерінің жұмыс
мерзімінің 80%) уақытын осы Қ.-қ.
жасауға жұмсайды.
Тілдесу арқылы адамдар өзара Қ.-қ.
жасап біріне-бірі білдірмек болған
ойын жеткізіп пікір алысады. Қатынас
орнатудың нәтижесінде өзара ықпал
етіп, адамдардың өмір тәжірибесі,
іс-әрекеті, теориялық ой-пайымда-
ры дамиды. Қ.-қ. орнатудың тиімді
болуы басқарушылар мен бағынушы-
лар, жетекшілер мен атқарушылар
арасындағы түсіністіктің ереже-қа-
ғидаларын қалыптастырып, әрбір
іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да бо-
лып бітуіне әсер етеді. Қ.-қ. орнату-
дың бірнеше түрлері бар: ресми жә-
не ресмисіз (бейресми). Ресми Қ.-қ.
нақты іске, қызметке байланысты
тілдесулерде адамның шын пиғы-
лы мен сырын ашып көрсетеді. Ресми-
сіз қатынастардың түрлері адамдар
арасындағы достық, сүйіспеншілік
сезімдерге негізделеді, әріптестер
арасындағы шынайы ниеттерді де
көрсетеді. Шын пиғылды ресмисіз
қатынас орнатудың өзіндік белгілері
бар:
Достарыңызбен бөлісу: |