Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет513/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МЕДИ

МЕДИ


366

қол,көз,  құлақ  т.  б.)  атқаратын  қыз- 

метіне ерекше мән беруі тиіс. Екінші- 

ден  ол  дәрігер  адамның  күнбе-күн- 

гі  тіршілігінде  организмнің  саулы- 

ғымен, тәнді қалпына келтіруге қолда- 

нылатын шараларды білу керек. Үшін- 

шіден, ол аурудың түрлерін білумен 

қатар оның себептерін, әсіресе кесел- 

ді  жоятын  жолдарды  білуге,  орга- 

низмдегі аурудың  әрекетін  бақылау- 

ға қабілетті болуы. Төртіншіден, дә- 

рігерге сау және сырқат мүшелердің 

айырмашылықтарын айқындау, оның 

басты белгілерін білу, сондай-ақ іш- 

кі  мүшелерді  де  зерттеу  қажет.  Бе- 

сіншіден,  тамақтану  режимін,  дәрі-

дәрмекті  (фармакология)  қолдану 

жолын және дәрілердің ерекшелікте- 

рін,  олардың  әсерлілігін  артыратын 

барлық  құралдарды  білу  қажет.  Ал- 

тыншыдан, ауру адамның денсаулы- 

ғын нығайтуға жәрдемдесетін ғылы- 

ми заңдарын білу, оны қолдану жол- 

дарын меңгеру керек. Сөйтіп жерле- 

сіміз  жаратылыстану  ғылымдары 

ішіндегі  ең  сүбелілерінің  бірі  –  ме- 

дицина  туралы  аса  маңызды  пікір- 

лер айтып бұл ғылымның деректерін 

адамның  тіршілік  қажеттеріне  пай- 

далануды  қарастырған,  ол  медици- 

налық мәселелерді психология ғылы- 

мымен жақындастыруды ерекше мақ- 

сат тұтқан. Оны Шығыс әлемінде ме- 

дициналық  психологияға  байланыс- 

ты  тұңғыш  сындарлы  пікір  айтқан 

ғұлама деуіміз орынды.

Мақал-мәтелдерде  денсаулық  мәсе- 

лесіне  катысты  ой-пікірлер  де  көп- 

теп  кездеседі.  Халқымыз:  «Денсау- 

лық – зор байлық», «Әуелгі байлық – 

денсаулық...»,  «Басы  аманның  малы 

түгел», «Тәні саудың жаны сау», «Он 

екі мүшең сау болса, жарлымын де- 

ме, жаныңда жарық болса, зарлымын 

деме»,  деп  денсаулық  адамға  өмір- 

лік серік, жанның жақсы болуы тән- 

ге  байланысты  екендігін,  адам  тәні- 

нің байлығын ешнәрсемен теңестіру- 

ге болмайтынын дұрыс тұжырымдай- 

ды. Тазалық – денсаулықтың шарты 

деп халқымыз мұның маңызын жақ- 

сы  түсіне  білген.  «Тазалық  –  ден- 

саулыққа кепіл», «Тазалық – саулық 

негізі»,  «Саулық  –  байлық  негізі», 

«Аурудың  алдын  ал»,  «Күтінгенге 

кәрілік жоқ», «Сынықтан өзгенің бә- 

рі жұғады», деп келетін мақал-мәтел- 

дерде  тазалық  денсаулықтың  негізі 

екендігі,  ол  адамды аурудан  сақтай- 

тындығы,  аурудың  алдын  алу  ауы- 

рып сырқамаудың жолы екендігі ес- 

кертіледі.

Денсаулық  үшін  дұрыстап  тамақта- 

нудың,  гигиеналық  талаптарды  дұ- 

рыс  сақтаудың  маңызы  зор.  Бұл 

жөнінде халқымыз былай дейді: «Ас – 

адамның  арқауы»,  «Ас  –  адамның 

қуаты», «Тағам тән семіртеді; ақ ті- 

лек жан семіртеді», «Аз қайғыны ас 

басады,  көп  қайғыны  дос  басады»,  

«Ас  тұрған  жерде  ауру  тұрмайды». 

Осы түйіндер ас адамның өсіп-өнуі- 

нің,  организмнің  жақсы  жұмыс  іс- 

теуінің  негізгі  тірегі,  басты  шарты. 

Жақсы  тамақтанудан  тәнмен  қоса  

жан да толысып, өсіп-жетіледі, дәмді 

тағам  адамның  тіпті  жан  қайғысын 

басуға да себін тигізеді деген тамаша 

ой  аңғарылады.  Тамақтың  жеткілік- 

сіздігі  мен  құнарсыздығы  адамның 

көңіл  күйіне  әсер  етіп,  оның  жұ- 

мыс қабілетінің нашарлауына соқты- 

ратыны  белгілі.  Мәселен,  «Үйінде 

асы  жоқтың,  көңілінде  хошы  жоқ», 

«Ашаршылықта жеген құйқаның дә- 

мі  кетпес»,  «Аштық  ас  талғатпай- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет