Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет520/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МИ

МИДА


370

на  адамға  тән.  жануарларда  екінші 

сигнал жүйесі болмайды. Екінші сиг- 

нал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдар- 

дың сигналы деп атады.

Адам  өміріндегі  сөздің  ықпалдық 

мәнін  анықтай  келіп,  Павлов  былай 

деп көрсетті, сөз адам үшін шартты 

тітіркендіргіш сияқты. Сөз, тіл адам- 

ның әртүрлі іс-әрекетінің өзіндік қа- 

лыптастырушы  сигналдары  болып 

табылады.

Бірінші және екінші сигнал жүйеле- 

рі бір-бірімен өзара тығыз байланыс- 

ты іске асады.

Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлау-

ының негізіне жатады, ол жинақтал- 

ған түрде білімді есте сақтауға мүм- 

кіншілік  жасайды,  адамдар  арасын- 

дағы қарым-қатынасқа қызмет етеді. 

Екінші сигнал жүйесінің және оның 

бірінші сигнал жүйесімен байланысы 

арқылы  адам  санасын  дамытуға  қо- 

ғамдық  жағдайдың  шешуші  ықпа- 

лын іске асырады. Екінші сигнал жү- 

йесі арқылы адам өзін-өзі, өзінің іс-

әрекеттерін, қылықтарын басқарады, 

шартты рефлекстерді тежейді, неме- 

се, керісінше, оны күшейтеді, тезде- 

теді, оның жүрісін баяулатады.



МИ СЫҢАРЛАРЫ – ми қабығы екі 

бөліктен  (оң  жақ  және  сол  жақ  сы- 

ңар  деп  аталатын)  тұрады.  Ми  сы- 

ңарларының  салмағы  мидың  жалпы 

салмағының  80  пайызына  тең.  Мұ- 

ның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат 

бар. Сұр зат ми қабығы деп аталына- 

ды.  Ол  қалыңдығы  3-4  миллиметр- 

лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл 

қабаттардың  клеткалары  (жасуша- 

лары) типі мен қызметіне қарай бір- 

бірінен  өзгеше  болып  келеді.  Осы 

клеткалардан  тарайтын  жүйке  тал- 

шықтары  оларды  сезім  мүшелері- 

мен, бүкіл денемен, сондағы барлық 

клекалармен  байланыстырады.  Ми 

қабығындағы осындай жүйке клетка- 

ларының саны 16 миллиардқа жуық 

деп есептелінеді. Ми қабығы төртке 

бөлінеді.  Олар:  маңдай,  төбе,  желке 

және  самай  деп  аталынады.  Ми  қа- 

бығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне 

қабылдағыш  аспап  тәрізді  көптеген 

анализаторлардың  (талдағыштар- 

дың)  ядросынан  тұрады.  Мұнда  кө- 

ру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс т.б. 

жүйке  орталықтары  бар.  Мәселен, 

мидың желке бөлігінде көру зонасы, 

самай бөлігінде – есту, төбе бөлігінде 

қозғалыс  орталықтары  орналасқан. 

Осындай  орталықтардың  жалпы 

саны  –  200-ге  жуық.  Бұлардың  ми 

қабығындағы  орны  бір  жерге  шек- 

телмеген,  нақты  ми  орталықтары 

мидың басқа бөліктеріне де таралып 

кетіп жатады.

Ми сыңарларының (оң, сол) бірлесіп 

жұмыс  атқаруларымен  қатар  өз 

алдына дербес қызметтері бар екен- 

дігі  анықталған.  Мәселен,  сол  сы- 

ңары  –  логикалық  ойлау  мен  санау- 

дың,  ал  оң  жарты  шар  кеңістікті 

бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән, 

музыка  т.б.),  эмоциялық  әсерлердің 

дағды, әдет, бейсана құбылыстардың 

жұмысын  айқын  реттестіріп  отыра- 

тындығы дәлелденген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет