370
на адамға тән. жануарларда екінші
сигнал жүйесі болмайды. Екінші сиг-
нал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдар-
дың сигналы деп атады.
Адам өміріндегі сөздің ықпалдық
мәнін анықтай келіп, Павлов былай
деп көрсетті, сөз адам үшін шартты
тітіркендіргіш сияқты. Сөз, тіл адам-
ның әртүрлі іс-әрекетінің өзіндік қа-
лыптастырушы сигналдары болып
табылады.
Бірінші және екінші сигнал жүйеле-
рі бір-бірімен өзара тығыз байланыс-
ты іске асады.
Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлау-
ының негізіне жатады, ол жинақтал-
ған түрде білімді есте сақтауға мүм-
кіншілік жасайды, адамдар арасын-
дағы қарым-қатынасқа қызмет етеді.
Екінші сигнал жүйесінің және оның
бірінші сигнал жүйесімен байланысы
арқылы адам санасын дамытуға қо-
ғамдық жағдайдың шешуші ықпа-
лын іске асырады. Екінші сигнал жү-
йесі арқылы адам өзін-өзі, өзінің іс-
әрекеттерін, қылықтарын басқарады,
шартты рефлекстерді тежейді, неме-
се, керісінше, оны күшейтеді, тезде-
теді, оның жүрісін баяулатады.
МИ СЫҢАРЛАРЫ – ми қабығы екі
бөліктен (оң жақ және сол жақ сы-
ңар деп аталатын) тұрады. Ми сы-
ңарларының салмағы мидың жалпы
салмағының 80 пайызына тең. Мұ-
ның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат
бар. Сұр зат ми қабығы деп аталына-
ды. Ол қалыңдығы 3-4 миллиметр-
лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл
қабаттардың клеткалары (жасуша-
лары) типі мен қызметіне қарай бір-
бірінен өзгеше болып келеді. Осы
клеткалардан тарайтын жүйке тал-
шықтары оларды сезім мүшелері-
мен, бүкіл денемен, сондағы барлық
клекалармен байланыстырады. Ми
қабығындағы осындай жүйке клетка-
ларының саны 16 миллиардқа жуық
деп есептелінеді. Ми қабығы төртке
бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке
және самай деп аталынады. Ми қа-
бығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне
қабылдағыш аспап тәрізді көптеген
анализаторлардың (талдағыштар-
дың) ядросынан тұрады. Мұнда кө-
ру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс т.б.
жүйке орталықтары бар. Мәселен,
мидың желке бөлігінде көру зонасы,
самай бөлігінде – есту, төбе бөлігінде
қозғалыс орталықтары орналасқан.
Осындай орталықтардың жалпы
саны – 200-ге жуық. Бұлардың ми
қабығындағы орны бір жерге шек-
телмеген, нақты ми орталықтары
мидың басқа бөліктеріне де таралып
кетіп жатады.
Ми сыңарларының (оң, сол) бірлесіп
жұмыс атқаруларымен қатар өз
алдына дербес қызметтері бар екен-
дігі анықталған. Мәселен, сол сы-
ңары – логикалық ойлау мен санау-
дың, ал оң жарты шар кеңістікті
бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән,
музыка т.б.), эмоциялық әсерлердің
дағды, әдет, бейсана құбылыстардың
жұмысын айқын реттестіріп отыра-
тындығы дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: