368
асатын, өзін-өзі таныту процесінде
дамып, жетіледі. Мен тұжырымдама-
ны жүйелі зерттеген психолог-ғалым
Р.Бернс. Мен тұжырымдаманың ке-
лесі құрауыштарын бөліп көрсет-
кен: когнигивтік, яғни адамның өзі
жөніндегі білімдері; эмоциялық –
өзінің психологиялық көңіл күймен,
өмірлік жағдайымен қанағаттану дә-
режесі; бағалаулық, яғни тұлғаның
өзі жөніндегі білімдері негізінде өзін-
өзі танып, білуі. А.В.Иващенко М.т.н
тұлғаның ішкі дүниесінің негізгі өзе-
гі, адамның тұлғалық дамуының нә-
тижесі ретінде қарастырған. Мен тұ-
жырымдаманың реттеу, бейімдеу,
қорғаныс, талаптану және өзін-өзі
көрсету сияқты қызметтері іс-әре-
кетті, танымы, қарым-қатынасты, мі-
нез-құлықты мақсатқа бағытталған
түрде ынталандыруға және реттеуге,
тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дү-
ниеге қатынастарының үйлесімділі-
гін табуға бағытталған.
МЕНТАЛИТЕТ – ұлттың негізі,
оның ділі, оның тіршілік әрекетін-
дегі тыныс-тіршілігі, ұжымдық үлгі-
лер мен түсініктер орныққан әдет-
тері мен әлем көріністерін қабыл-
дауы т.б.). Ментальдық – жеке адам-
ның рухани әлеміне әсер ететін, оның
этномәдениеттік психологиялық ерек-
шеліктеріне сәуле түсіріп отырады.
МИ – орталық жүйке жүйесінің жо-
ғарғы бөлігі. Ол оң және сол жарты
шарлардан (ми сыңарлары) тұрады.
Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр
зат (ми қабығы) бар. Ми үш блоктан
тұрады. Оның біріншісі – энергетика-
лық (сырттан, іштен ақпарат түсе-
тін), екіншісі – ақпаратты қабылдап,
өңдеп сақтайтын, үшіншісі – бағдар-
лау және бақылау жасайтын блок-
тар. Мида көптеген жүйке орталық-
тары (көру
;
есту, тері, қозғалыс, иіс,
дәм және т.б.) бар. Мысалы, оның
желке бөлігінде көру орталығы, са-
май бөлігінде есту, төбе бөлігінде
қозғалыс орталықтары орналасқан.
Бұлардың жалпы саны 200-ден ас-
там. Ми бірыңғай тұтас мүше
;
ол бей-
не қабылдағыш аспап тәрізді, онда-
ған талдағыштардың ядросынан тұ-
рады. Мида бірнеше қабаттар бар. Мұн-
дағы жасушалар атқаратын қызме-
тіне қарай әртүрлі болып келеді. Жал-
пы саны 16 миллиардқа жуық жүй-
ке талшықтары сезім мүшелерімен
бүкіл денемен байланыстырып тұ-
рады. Мидың ең төменгі бөлімі –
жұлын (ең ескі ми), оның жалғасы –
сопақша, оған жалғас ортаңғы, со-
сын аралық және ми қабығының ас-
ты (ретикулярлық формация) болып
бөлінеді. Ми сырт жағынан орай,
төбе, самай, желке дейтін бөлімдер-
ден тұрады. И.П.Павлов мидағы қо-
зу мен тежелу процесінің заңдарын
ашқан. Бұлар алғаш пайда болған
жермен жайылып (иррадиация), ке-
йіннен шоғырланып (концентрация)
отырады. Қозу мен тежелу өзара ин-
дукция заңы бойынша мидың бір
алабында қозу процесі туса басқа
бір алабында тежелу процесі туын-
дайды.
МИ БАҒАНЫ – орталық жүйке
жүйесіндегі ми қыртысының астың-
ғы бөліктері. Оған сопақша ми, ор-
таңғы ми, аралық ми және мишық
кіреді. Сопақша ми – жұлынның
тікелей жалғасы. Ол жүрек қызметін,
қанайналым мен ас қорыту қызметін
Достарыңызбен бөлісу: