Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет526/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МИДЫ

МИДЫ


374

қабығының кұрылысы ерекше дамып, 

жетілгендіктен  адам  миының  ана- 

лиздік,  синтездік  қызметі  өте  күшті 

дамып жетілген. Тіпті кішкентай ба- 

ланың  миының  осындай  қызметіне 

де жануарлар дүниесіндегі дамудың 

ең  жоғарғы  сатысында  тұрған  май- 

мыл  миының  анализдік,  синтездік 

қызметі ешбір тең келе алмайды.



МИ  ҚЫРТЫСЫНЫҢ  ҚОзҒА- 

ЛЫС  АЙМАҚТАРЫ  –  үлкен  ми 

сыңарларының  алдыңғы  ирегі,  Ро- 

ланд  сайының  алдында  орналасқан. 

Бұл  жерде  негізінен  Бец  деп  атала- 

тын алып пирамида тәрізді жасуша- 

лар болады. Олардың ұзын өскінде- 

рі  пирамидалық  өткізуші  жол  құра- 

мына  еніп,  аралық  және  жұлынның 

қозғаушы нейрондарымен жалғасып 

жатады.  Қозғалыс  аймағының  ең 

жоғарғы  жерінде  –  аяқ,  содан  соң 

қол,  бас,  бет,  мойын,  ал  ең  төменгі 

бөліктерінде – тіл, жұтқыншақ және 

т.б. ағзалардың қозғаушы жүйкелері- 

нің орталығы орналасқан.

МИМИКА  (ым,  беттің  бұлшық  ет- 

терінің түрлі эмоциялық көріністер- 

ге  адамның  бет  құбылыстарына 

экспрессивті-мәнерлі  қимыл-қозға- 

лыстарының  жиынтығы,.  Түрлі  ми- 

микалық  құбылыстар  адамның  пси- 

хологиялық  күйін  аңғаруға  мүмкін- 

дік  береді.  Төл  тілімізде  мұны  ым,  

ым-ишаралар  деп  атайды.  Халқы- 

мыздың  «Ымға  түсінбеген,  дымға 

түсінбейді»  дейтін  қанатты  сөзі  де 

жайтқа байланысты айтылса керек.



МИ СЫҢАРЛАРЫ. М.с. екі бөлік- 

тен (оң жақ, сол жақ) тұрады. Оның 

салмағы  бүкіл  ми  бағаны  салмағы- 

ның 80 пайызына тең. Мұның іші ақ 

заттан,  сыртқы  қабығы  сұр  заттан 

тұрады,  сұр  зат  ми  қабығы  деп  ата- 

лады. Ол қалыңдығы 2-3 миллиметр- 

лік бірнеше қабаттан құралады. Бұлар- 

дың  клеткалары  өздерінің  типі  мен 

атқаратын  қызметіне  қарай  бір-бірі- 

нен өзгеше болып келеді. Осы клет- 

калардан  тұратын  жүйке  талшық- 

тары миды сезім мүшелерімен, дене- 

нің  әр  түрлі  бөліктерімен  байла- 

ныстырады.  Мұндағы  клеткалардың 

саны  15  миллиардқа  жуық.  Ми  қа- 

бығы  екі  үлкен  сайдан  (Салви,  Ро- 

ланд),  көптеген  иректерден  тұрады. 

Онда  көптеген  жүйке  орталықтары 

(көру,  есту,  дәм,  қозғалыс,  т.б.)  бар. 

Олардың  жалпы  саны  200-ге  жуық.  

Ми  сырт  жағынан  төрт  бөлікке  бө- 

лінеді.  Олар:  маңдай,  төбе,  қос  са- 

май, желке. Ми қабығы бірыңғай тұ- 

тас  мүше,  ол  қабылдағыш  аспап  іс- 

петтес  көптеген  талдағыштар  ядро- 

сының жиынтығы.

МНЕМОНИКА  –  грек  сөзі,  қаз. 

жаттау  өнері  деген  мағынаны  біл- 

діреді. Жаттаудың мнемоникалық әді- 

сінің бірі – механикалық (мәселенің 

мағынасына түсінбей) есте қалдыру. 

Егер  мағыналы  есте  қалдырудың 

мәнісі  құбылыстардың  ішкі  мәніне, 

олардың  бір-бірімен  байланысына 

түсіну  болатын  болса,  механикалық 

есте  қалдыруда  заттар  нәрселердің 

тек  сыртқы  байланысқа  түседі.  Мұ- 

ның  басты  шарты  –  қайталау.  Естің 

бұл түрінің кей жағдайларда іске қа- 

жет  болып  қалатын  кездері  болады. 

Шет ел сөздерінің жазылуы мен ай- 

тылуын, қиын сөздер мен атауларды, 

хронологиялық даталары, көше, жер, 

су аттарын, телефон нөмірлерін есте 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет