МИДЫҢ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖИ-
НАҚТАУ ҚЫзМЕТІ. И.П.Павлов
ми қабығының негізгі жұмысы ана-
лиздік, (талдау) және синтездік (жи-
нақтау) қызметтен тұратындығын
және бұл миды зерттеудің басты
приндиптерінің бірі екендігін көрсе-
тіп берді. Мидың анализдік қызметі
түрлі тітіркендіргіштердің жеке бө-
ліктерін айыруда, осы жеке тітіркен-
діргіштерге шартты рефлекстер жа-
сауда көрініп отырады. Ал мидың
синтездік қызметі жеке тітіркендір-
гіштерді біріктіруден, яғни ми қа-
бығында уақытша байланыстардың
жасалуынан көрінеді. Мысалы, ит-
тің аяғын электр тогымен тітіркен-
діргенде (шартсыз тітіркендіргіш),
мұны даусы әлсіз қоңыраумен нығай-
татын болсақ (шартты тітіркендір-
гіш), ит одан аяғын көтеріп корға-
натын болады. Электр тогымен тітір-
кендіруді даусы күшті қоңыраумен
нығайтсақ та осындай реакцияны
байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында
екі ұқсас тітіркендіргішке (әлсіз жә-
не күшті коңырау) бір жауап бері-
ліп отыр. Бұдан біз мидың синтез-
дік қызметін көреміз.
Мидың анализдік, синтездік қызметі
организмнің өмір сүруінің басты
шарты болып табылады. Мысалы,
жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әр-
бір көлеңке, болмашы иіс, ауадағы
болмашы қозғалыстар т.б. тамақтың
не қауіптің алыс-жақын екендігін
білдіретін сигналдар болып табы-
лады». Жануарлар сыртқы дүние-
нің тітіркендіргіштерін өте нәзік айы-
ра және біріктіре алуы нәтижесінде
ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігі-
не қажетті нәрсені дер кезінде сезіп,
өмір сүретін ортасына дұрыс бейім-
деле алады.
Анализ бен синтез мидың бірімен-бі-
рі тығыз байланысты, біртұтас қыз-
меті болып саналады. Мидың бұл
қызметі жүйке жүйесінің структура-
лық дәрежесіне қарай әр түрлі си-
патта көрініп отырады. Мысалы, ми
Достарыңызбен бөлісу: |