Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет55/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АЛТЫ

АЛТЫ


39

ріп, өз халқының ғасырлар бойы жи- 

нақталған  мәдени  мұрасын,  тамаша 

психологиясын мақтаныш етті. «Біз- 

ді, – деп жазды ол, – өзгелер табиғаты- 

нан ақылды, іскер халық деп ойлай- 

ды.  Осының  шындығын  іс  жүзінде 

көрсетуіміз керек... Қазақ – табиғаты- 

нан ақынжанды, дарынды халық», – 

деп жазды Ы.Алтынсарин «Орынбор 

листогы»  газетіне  жазған  бір  мақа- 

ласында.


АЛЫСТАН  КөРГІШТІК  –  көздің 

жарық сәулесін дұрыс сындырмауы- 

нан туатын ауытқулардың бір түрі. Бұл 

кемістік салдарынан бір заттан шық- 

қан  параллель  сәулелер  фокусы  көз 

ішінде бағытын өзгертіп, сынғаннан 

кейін көз торының арт жағына түседі. 

Шын  мәнінде,  «алыстан  көргіштік» 

деген сөз өз мағынасына сәйкес кел- 

мейді, өйткені ондай адам затты алыс- 

тан  да,  жақыннан  да  анық  көре  ал- 

майды. Алыстан көруді рефракцияны 

күшейтетін дөңесті көзілдірік арқы- 

лы жүзеге асыра алады.



АЛЬТРУИзМ – негізгі орталық мо- 

тив немесе адамгершіліктік бағалау- 

дың белгісі басқа адамның немесе әлеу- 

меттік қауымның мүддесі болып та- 

былатын тұлғаның құндылықтық бағ- 

дарлар  жүйесі.  Басқалардың  мүдде- 

лерін ескеріп отыратын мінез-құлық, 

әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және 

даралыққа кереғар мінез ретінде қа- 

растырылады.  А.  термині  француз 

философы О.Контпен эгоизм ұғымы- 

на  қарама-қарсы  ұғым  ретінде  енгі- 

зілді. А. негізгі идеясы – басқа адам- 

дардың  мүддесі,  игілігі  үшін  атқа- 

рылатын  прагматикалық  мақсатқа 

бағытталмаған іс-әрекет. А. адамның 

саналанған  құндылығына  айналып, 

оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. 

Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасы- 

на айналады. А. – абсолютизациялау 

да оны мүлдем бағаламау сияқты те- 

ріс ұстаным. А. адамдардың күнделік- 

ті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс-

әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді 

іске  асырудан  тұратын  әлеуметтік-

психологиялық феномен де болып та- 

былады. А. іске асырудың механизмі 

болып (мысалы, өз өмірімен жан ке- 

шумен баланы құтқару) нақты қауіпті 

жағдайларда жанданатын жағдаяттық 

альтруистік бағдар табылуы мүмкін.

АМНЕзИЯ (грек. а – болымсыздық 

жұрнағы және – қаз. жад, есте сақ- 



тау– мидағы локалдық (бір бөлігі- 

нің)  зақымдалуынан  пайда  болатын 

адамның есте сақтау қызметінің бұ- 

зылуы. А. мидағы тежелу, өшу заңды- 

лықтарына  байланысты  немесе  ми- 

дың  түрлі  локалды  зақымдалуынан 

пайда  болатын,  бірнеше  минуттан 

кейде бірнеше жылға созылатын ес- 

тің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың 

зақымдалуына немесе әртүрлі науқас- 

тыққа, психиканың функцияларының 

бұзылуына  байланысты  болады.  А. 

ең ауыр түрлерін ең алғашында Кор- 

саковский сипаттағандықтан, Корса- 

ковский синдромы деп аталып кеткен. 

А. бірнеше түрлері бар: Антиретрог- 



радтық А. – аурудың басталғанынан 

кейін немесе жарақат алғаннан кейін 

болған  оқиғаларды  есте  сақтай  ал- 

мау. Инфантилді А. – өмірдің бастап- 

қы кезеңдерінде – алты жастан сегіз 

жасқа дейінгі аралықта болатын А. тү- 

рі. Истериялық А. – түбірі инфантил- 

ді А. басталған кейбір невротиктер- 

де кездесетін А. айрықша түрі. Қорға- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет