Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет583/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

өзІН-өзІ  БАСҚАРУ  –  ұжым  мү- 

шелерінің  өз  ортасында  басшылық 

етіп,  басқару  әрекеті.  О.-ө.б.  негізі-

нен  мекемеден  тыс  жұмыс  түрінде 

кеңінен көрініс береді. Өзін-өзі бекі- 

ту  –  адамның  өзін-өзі  білдіру  мен 

өзін-өзі  ашуға  деген  іргелі  қажетті- 

лігі. Ө.-ө.б. негізгі мотиві – тіршілік- 

тің  берілген  жағдайларында  едәуір 

толымды  өмірге  жетуге  және  ұжым 

мен  қоғамда  мәнді  әрі  жағымды 

әлеуметтік-психологиялық мәртебеге 

жетуге ұмтылыс. Ө.-о.б. адамдар кө- 

бінесе  үлкен  рухқа  ие  және  жоғары 

дамыған  талаптану  деңгейімен  си-

патталып,  іс-әрекетте  басқалардан 

жоғары нәтижелерді көрсетуге тыры- 

сады. Өзін-өзі танытумен байланыс- 

ты  ұғымдардың  бірі  –  Ө.-ө.б.  мәсе- 

лесі  психоанализде  де  арнайы  қа- 

растырылған. А. Адлердің пікірінше, 

тұлғаның  Ө.-ө.б.  ұмтылысы  оның 

жастық  кезеңінен  қалыптасқан  ке- 

містік  сезімін  компенсациялау  жо- 

лы  ретінде  пайда  болады.  Оның  тұ- 

жырымдауынша,  егер  невротиктер-

де  О.-ө.б.  басқалардың  Менін  басу 

негізіндегі  өзін-өзі  жүзеге  асыру 

ұмтылысымен, көбінесе эгоцентрлік 

бағытта іске асса, ал психикасы сау 

адамдарда  ол,  ең  алдымен,  белгілі 

бір мақсатқа жетуде кездесетін қиын- 

дықтарды  жеңуге,  өмір  талабынан 

шығатын  шынайы  міндеттерді  ше- 

шуге  бағытталған,  яғни  өзінің  әлсіз 

Менін  жеңуінде,  бүгінгі  Меніне  өк- 

темдігінде  көрінетін  тұлғаның  өзін- 

дік өктемдігі түрінде жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет