өзІНДІК САНА – адамның өзін жә-
не жеке қасиеттерін түсінуі. Адам-
ның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп,
бойындағы күш-қуатын, ақыл-ойын,
қабілеттілігін, әр бір іс-әрекеттерін ат-
қарудағы ниеті мен мақсат-міндетін,
өзін қоршаған орта мен әлеуметтік
жағдайға, өзге адамдарға, өз басына
деген көзқарасын білдіретін қасиет-
терін анықтауы, аңғаруы. Өзін-өзі
басқару негізі – 1) адамның белгілі бір
іс-әрекетін ұйымдастыру; 2) топтың
өзіндік ерекшелігін бейнелеуі; 3) өзін-
өзі басқару негізі адамдардың ұйым-
дастыру шеберлігі дамуының дәре-
жесіне сәйкес құрылуы тиіс. Өзін ұс-
тай білу – өмірдің күрделі жағдай-
ларында адамның ішкі байсалдылы-
ғын сақтап, ақылмен салмақтап әре-
кет жасай білу қабілеті. Өзіндік сана-
сезім – адамның өзін практикалық жә-
не танымдық іс-әрекеттің субьектісі,
жеке тұлға (яғни өзінің адамгерші-
лік қасиеттерін, қызығушылығын, құн-
дылығын, мұратын және мінез-құ-
лығын) ретінде ұғынуы және бағала-
уы. Ө.с- индивидке ғана емес, қоғам-
ға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлтқа
тән. Өзіңдік сана-сезім рефлексия-
мен тығыз байланысты, мұнда ол тео-
риялык ойлау деңгейіне көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |