Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет585/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

өзІН

өзІН


417

өзІН-өзІ  БІЛДІРУ  –  өзін-өзі  та- 

нытуға  мәні  жағынан  жақын,  тұл- 

ғаның  өзін-өзі  көрсетуді  білдіретін 

ұғымдардың бірі. Егер де ерте бала- 

лық шаққа жоғары психикалық функ- 

циялардың,  қабілеттердің  және  т.б. 

қалыптасуы тән болса, балаң жастық 

кезеңде әлеуметтік ойлау, өзіндік са- 

на, ынта және т.б. тән болады О-ө. б. 

жөніндегі  сауал  жасөспірімдік  және 

балаң  жастық  кезеңдерде  өте  өзек- 

ті  болады.  Ол  тұғаның  дұрыс  және 

үйлесімді  дамуының  негізгі  алғы- 

шарттары  ретінде  көрініс  табады. 

Осы  кезеңде  бағыттылық,  бағдар, 

өмірде,  қарым-қатынасты  дұрыс 

бағдарлай  білу  сияқты  маңызды  қа- 

сиеттер қалыптасады. Адамның осы 

қабілеттерін  белсенді  қалыптасты- 

ратын факторлардың бірі – алуан түр- 

лі  қарым-қатынас,  өзін-өзі  түрлі  іс-

терде сынап көру. Тұлғаның ө-ө.б.-іне 

әсер ететін – ол қоғам.

Кейбір  әлеуметтік  өзара  әрекеттес- 

тіктер  адамдық  «Менді»  төмендету, 

ынтаны  басу,  адамның  шынайы  мә- 

нісін  бұрмалау  сияқты  тенденцияға 

ие болады. Бұл жағдайларда тұлға бір-

тіндеп, адекватты ө-ө.б.-дің белгіле- 

рін жоғалтып, өзін-өзі жүзеге асыру- 

дың бұрыс жолдарын тандайды. Өз-

өзінің жетілмеген бейнесі, рефлексия- 

ға, яғни өзінің тек жеке әрекеттерін 

ғана емес, сондай-ақ тұтас тұлғасын 

дұрыс бағалауға қабілеттілігінің бол- 

мауы  адамды  ішкі  дағдарыс  жағда- 

йына,  ал  «өзіне-өзі  айтатын  сөздің 

болмауы» өзімен-өзі ішкі диалог құ- 

ра алмау жағдайына әкеледі. Белсен- 

діліктің себебі ретіндегі өзін-өзі біл-

діруге деген қажеттілік әртүрлі болуы 

мүмкін: біреулерде ол шектен тыс түр- 

лерде  (өзіне  сүйіспеншілік),  ал  бас- 

қаларда айқын көрінбеуі мүмкін.

Адамның өзінің ішкі «Меніне» қарсы 

тұра  білу  қабілеті  неғұрлым  нашар 

көрінсе, яғни адам неғұрлым өзін-өзі 

аз бағаласа, соғұрлым ол үшін сырт- 

қы  мәнерлілік  (көз  тартымдылық) 

мәнді  болып  табылады.  Сондай-ақ, 

өзін-өзі білдірудің әртүрлі жетілу дә- 

режесі  мен  қалыптасу  кезеңдері  бо-

лады.  Ерте  кезеңдерде  (ішкі  «Мен» 

бейнесі  қалыптаспаған  шақта)  тұл- 

ғада өзін-өзі білдіру өз «Менін» көр- 

сету түрінде көрініс табады. Өзін-өзі 

көрсету, өзін-өзі ашу тұлғаның өз «Ме- 

нің» шынайы және мәнерлі білдіруі- 

нің  айқын  қажеттілігіне  айналған 

кезеңінде ғана өзін-өзі білдіру жетіл-

ген дәрежеде көрінеді. Адам өмірде өз 

мінез-құлық  мәнерін,  сөйлеу  стилін 

және, ең бастысы, өзін-өзі әртүрлі қы- 

лықтарда, істерде білдіруге тырысады.

К.А.Абульханова-Славскаяның  пі- 

кірінше:  «Тұлғаны»  өзін-өзі  таны- 

туының негізі болып табылатын өзін- 

өзі білдірудің қиындықтары ұялшақ- 

тық, икемсіздік, қарым-қатынастағы 

мазасыздық немесе керісінше сенім-

сіздікті жасыратын әдейі жасалатын 

дөрекіліктен басталады».

Бұл – тұлғаның қарым-қатынасында, 

іс-әрекетінде, жалпы тіршілігінде кө- 

рінетін адамның өзін-өзі білдіре ал- 

мау мәселесі. К.А.Абульханова-Слав-

ская  өзін-өзі  білдіру  тәсілдерінің 

қызықты типологиясын ұсынды. Оның 

байқауынша, бір адам өзі шынымен 

не сезінсе, соны білдіреді және өзін 

өте  қызу,  экспансивті  көрсетеді.  Ал 

басқа  біреуі  болса,  сыртқа  өзін-өзі 

білдіру  үшін,  яғни  ішкі  дүниеден 

сыртқыға  өтуде  көрінбейтін  бөгетті 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет