424
дің қонуы екіталай. Өнерді үйрену-
дің басты шарты – еңбек. «Домбыра
үйренуге де зауық керек».
«Өнер ұялайтын кісісін өзі біледі»,
«Еңбек үйренемін десең ерінбе»,
«Өнерді үйренемін десең жерінбе»,
«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер»,
«Ерінбеген етікші болады», «Жұмыс-
тың көзін тап, қисықтың тезін тап»
деген мақалдарда жоғарыда айтқан
пікірлеріміз жақсы қолдау тауып тұр.
Енжар, жалқау адамдар өнермен
жолдас бола алмайды. Өмір ләззатын
қызықтай алмайтын, рухани жағы
қораш, психикасы нашар дамығандар
да осылар. Халық: «Жалқаулық – жа-
ман ауру», «...Отыра берсең, жалқау-
лық басынады», «Жалқаулық аздыра-
ды, еңбек оздырады», «Ерінбей еңбек
қыл, жалықпай өнер біл», «Аузыңмен
айтқанды, қолмен істе» деп жастарға
енжарлыққа, жалқаулыққа салынба,
жас кезіңде қимылдап қал, өнерді
сөзбен емес, істе үйрен, әр нәрсе өз
уақытында, ерінбесең ғана дегеніңе
жетесің, деп жөн сілтейді.
Өнерді құлқы сүймейтін немесе өз
өнеріне күпінетін мақтаншақ, даңғой,
атаққұмар адамдар да болады. Халық
бұларды: «Әншейінде ауыз жаппас,
той дегенде өлең таппас», «Бояушы,
бояушы дегенге сақалын бояйды»,
«Олақ орақшы орақ таңдайды», «Жа-
ман етікші біз таңдайды», «Алтын-
ды еріте білмеген ірітер, теріні илей
білмеген шірітер», «Өз үйінде ою ой-
маған кісі үйінде сызу сызады» деп
өнер-білімнен, ғылым-білімнен жұр-
дай зердесіздерден жұртты жерінді-
ріп, өнерлілік – адамның тамаша ру-
хани бейнесінің белгілі екендігін қай-
талап айтып, жас жеткіншектердің
назарын бұған баса аударып отырады.
Бұл жерде Фарабидің музыка ғылы-
мы жайлы айтқандарына қысқаша
тоқталған жөн сияқты. Әмбебап ға-
лым өнер психологиясы жайлы ой тү-
йіндерін ортаға салады. 1) Ән, өлең,
музыка – адамның жан дүниесіне көр-
кемдік жағынан әсер етуде таптыр-
майтын өнер; 2) бұлар жақсы мінез-
құлық нормаларын, адамның қоғам-
дық мұраттарын қалыптастыруда
елеулі рөл атқарады; 3) музыка мен
ән адамда көркем эстетикалық сезім-
дерді туғызу арқылы, кісінің өзін-
өзі тәрбиелеуінде, бойдағы нашар
қасиеттерден арылуына ықпал етеді;
4) музыкалық дарын туғаннан бо-
латын қасиеттермен қатар өлшеусіз
еңбек пен көп дайындықтың жемісі.
5) өнер түрлерін танып білуде адам-
ның түйсіктері, нақты тәжірибесі елеу-
лі рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: