Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет599/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

өТЕМ

өТЕМ


426

терге жолдастық пен достықты ерек-

ше қастерлейтін адамдардан үлгі алу 

қажеттігін айтады.

Жұрт алдындағы борышын түсінген 

адам ешуақытта да антын бұзбайды. 

«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» де-

гендей, ол ылғи да сертінен шығады. 

Антын бұзған адамға сенуге болмай-

ды. Жолдасын жауға қалдыратын да 

осылар. Серттен таю, ар-ұятын сату- 

мен парапар деп түйеді өз ойын Ма-

хамбет.

Ер  жігіттің  психологиясындағы  ен- 

дігі бір жақсы қасиет оның жауға де- 

ген өшпенділігі мен жек көрушілігі. 

Осындай  адам  жауды  көрсе  қыран 

бүркіттей шүйлігіп, оны жапыра ша- 

буды ойлай бастайды. Ақын бұл жер- 

де  жастарға  жауыңа  мейірімсіз  бол, 

оны аяушы болма, «жауды аяған жа-

ралы болады», – деп ескертеді.

Махамбет өз өлеңдерінде ер жігітке 

тән моральдық-психологиялық сипат-

тарды  тізбектей  келіп,  сөз  соңында 

азамат ердің баласы қандай болу ке- 

рек деген сұраққа былайша жауап бе- 

реді:


Азамат ердің баласы, Аз ұйықтар да 

көп жортар. Арманы бар ма жігіттің. 

Жау тоқтатып айқаста, Құрбан болса 

ел  үшін,  –  деп  адамгершілікке  сы- 

йымды  барлық  қасиеттерді  бойына 

дарытқан, жеке бастың мүддесін ха- 

лық тілегіне бағындыра алған адам- 

ды  нағыз  азамат  ердің  баласы  деп 

айтуға болады, дейді ақын. Сондай-ақ: 

Ақ  жұмыртқа,  сары  уыз,  Әлпештеп 

қолда өсірген, Туған ұлдан не пайда, 

Қолына найза алмаса, Әке жолын қу- 

маса, деген жолдарда ақын жас жет-

кіншектерге жасыңнан шынығып, ел, 

халқыңды  қадір  тұт,  атқа  ерте  мін, 

сонда  ғана  мақсатыңа  жетесің,  ата-

ананың ақ сүтін ақтайсың, деп әрбір 

жұрт  алдындағы  борышын  тәптіш- 

теп түсіндіреді.

Жауынгер  ақынның  кез  келген  шы- 

ғармасы, жас жеткіншектерді жақсы 

қасиеттерге  баулып,  жаман  әдеттер- 

ден жирендіруге негізделген.

Жастар  –  кімдерді  үлгі  тұтуы,  кім-

дерден  ақыл-кеңес  тәрбие  алуы  қа- 

жет,  олар  қайткенде  саналы  азамат 

болып  шығады  дейтін  сұрақтар  да 

Махамбетті көп толғантқан. Ақын бұл 

жерде жастарға ең алдымен елдің да- 

на қарияларын үлгі етеді: Кәрісі кім- 

нің жоқ болса, Жасы болар дуана, дей- 

ді ол. Қарт адамдар көпті көрген, олар- 

дың  өмірден  алған  тәжірибесі  мол. 

Бұлардың  аталық  сөздерінің,  ойлы 

пікірлерінің, нақыл өсиеттерінің тәр- 

биелік  мәні  зор.  Ондай  сөздер  жас- 

тардың  бойында  көңілге  қонымды 

психологиялық  қасиеттердің  қалып- 

тасуына  себепкер  болады,  адасқан 

адамды тура жолға түсіруге жәрдем- 

деседі.

Жас  жеткіншектерді  патриоттық 

рухта  тәрбиелеуде,  оларды  халқына 

адал қызмет етуге баулуда Махамбет 

өлеңдері  басты  ерекшелік  олардың 

ерлікті  дәріптейтін  шығармаларға 

өте әуес келетіндігі. Өйткені мұндай 

шығармаларда  адамға  ерік-жігер, 

күш-қайрат  беретін  өнегелі  сөздер 

көп  болады.  Бала  мұндағы  жігерлі 

адамдарды  өздеріне  мұрат  тұтып, 

еліктейді. Тіпті, осындай патриоттық 

сарында жазылған шығармалар бала 

түгіл  ересек  адамға  да  ерекше  әсер 

етеді.

Басқыншы жаудан елін, жұртын жан 



аямай қорғап, халқының тәуелсіздігі 

мен бостандығы үшін өмірінің соңғы 

минутына дейін күрескен жігітте ар- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет