Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет598/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   877
өНЕР

өТЕМ


425

кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, 

білімді адамы болды. Орыстың белгілі 

қоғам қайраткері, саяхатшы-жазушы 

Е.П.Ковалевский (1811–1869) Махам- 

бет  орысша  тіл  білетін,  халқын  жа- 

нындай сүйетін, аса сезімтал, бірбет-

кей, қара қылды қақ жаратын әділ, на- 

ғыз патриот, еңбекші бұқараға көсем 

бола алатын батыр, сергек көңілді кісі 

еді деп кезінде тебіренген болатын.

Махамбет шығармашылығын көпте- 

ген әдебиетші, тарихшы ғалымдары- 

мыз зерттеді. Құнды еңбектер жазды. 

Дегенмен, Махамбет шығармаларын 

философия,  этика,  педагогика  және 

психология  ғылымдары  тұрғысынан 

зерттеудің  қажет  ететіндігі  де  талас 

тудырмаса  керек.  Кеңес  психологы 

Б.М.Тепловтың айтуынша, әдеби мұ- 

ралар  психология  үшін  ешуақытта 

мәні  үдемесе  кемімейтін  бірден-бір 

қажетті  материал  болып  табылады. 

Олай  болса,  Махамбет  өлеңдерінің 

педагогикалық,  психологиялық  жа- 

ғын  көрсету  арқылы  біз  халқымыз- 

дың өткен дәуірдегі озық ой-пікірле- 

рімен танысуға мүмкіндік алып, олар- 

дың терең ойлы пікірлерін қазіргі күн 

талабынан  таразыға  салып,  тәрбие 

процесінде кәдеге асыратын боламыз.

Ата  жауымен  ақтық  демі  біткенше 

күресе  білу,  осы  жолдағы  ерлік,  ба- 

тылдық, төзімділік, жастарды Отанға, 

ата  мекенді  қастерлеу,  әскери-пат- 

риоттық тәрбие мәселелері – Махам-

бет  толғауының  да,  ондағы  тәлім-

тәрбиелік  идеялардың  да  ең  өзекті 

желісі  болып  табылады.  Жауынгер- 

ақын күрестің жолы ауыр, оның қиын- 

дығы көп, ауырлығы өлшеусіз дей оты-

ра, жастарға, сары уайымға салынып, 

босқа дәрменсіз болма, әлсіздікке жол 

берме, мақсатыңа сенімді бол деп, ел- 

ге қорған бола алатын ер-азаматтар-

дың психологиялық қасиеттерін сом-

дап көрсеткісі келеді.

Ер жігіт кеудеде жаны, бойда қуаты, 

баста  ойы  тұрғанда  торығу,  мұқалу 

дегенді білмей, қайғы-қасіретке бойын 

билетпеуі тиіс. Ал ерлік іс тек жігерлі, 

қажыр-қайраты мол адамның ғана қо- 

лынан келеді, адамның кісілігі, жақ- 

сы-жаман қасиеттері қиын-қыстау сәт- 

терде («Ермін деген жігітті, кеңшілік- 

те сынама») ғана жақсы байқалады.

Махамбет көтерілісі барысында хал- 

қы үшін қалтқысыз қимылдайтын ер 

жүрек, батыр адамдармен қатар, тек 

өз басының қамын ойлап, жолдастық 

қасиеттен  жұрдай  адамдардың  пси- 

хологиясын  алдыңғысына  қарама-

қарсы  қойып,  бұлардың  біріншісін 

жұртқа  үлгі  етсе,  кейінгілерінен  ха- 

лықты жирендіреді.

Жақсыменен дос болсаң, Айырылмас 

күні қос болсаң, Басыңа қиын іс түс- 

се, Алдыңнан шығар електеп, Жаны- 

ңа  не  керек  деп...  Жаманменен  дос 

болсаң, Айырылмас күні қос болсаң, 

Басыңа  қиын  іс  түссе,  Басқа  кетер-

бөлек  деп,  Қолдан  берер  есеп  деп, 

Сыртынан жүрер өсектеп.

Жеңістің кілті ұйымшылдық пен бір- 

лікте,  соңғы  екеуі  адамдар  арасын- 

дағы  шынайы  достық  пен  жолдас- 

тықтан туындайды. Жақсы дос сенің 

намысыңды қорғайды, қолынан кел- 

ген жәрдемін аямайды, қиын сәттер- 

де қол ұшын беріп, сен үшін жанын 

пида етуге әзір тұрады, жақсы дос – 

жанашыр, қамқоршы. Ақын осылайша 

нағыз достықтың белгісі қандай еке- 

нін  ашып  көрсетіп,  достың  да  досы 

бар екендігін айтып, жас жеткіншек-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет