444
кейін біздің елімізде Фрейдтің ең-
бектерін аударуға және баспа бетінде
жариялауға тыйым салынды. Соңғы
жылдары әлемде кеңінен таралған
Фрейдтің психологиялық іліміне қы-
зығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде
Австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке
ерекше орын берілді. Оның негізгі
еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900
жылы жарық көрді. Сол кезден бас-
тап, психологияда бір-бірін әр түрлі
ғылыми беделді тұлғалар ауыстыр-
ды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгін-
ге дейін Фрейд және оның ілімі сияқ-
ты ынта туғызған емес.
Адам мінез-құлқының басты реттеу-
шісі сана екендігі белгілі. Зигмунд
Фрейд (1856-1939) – австрия невро-
патологі, психиатры және психологі,
психоталдау бағытының негізін са-
лушы. Фрейдизмнің концепция ре-
тінде қалыптасуы XX ғасырдың бас
кезіне жатады. Психоталдау бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-
жылдары кең өріс алды. Жеке тұлға-
ның құрылымында Фрейд санасыз-
дыққа ерекше көңіл бөлді және зерт-
теу нысанына айналдырды. Оның
айтуынша, ауру адамдар өз іс-әреке-
тінің түрткілерін түсіндіре алмайды:
Фрейд негізін салған психоталдау
әдісі санасыздықты зерттеу үшін
психикалық ауру адамдарды емдеу
мақсатында қолданылады.
Фрейд тек ауру адамдардың ғана
емес, дені сау адамдардың көңіл кү-
йі мен мінез-құлқын түсіндіретін тео-
рияны негіздеді. Бұл теория Батыс
елдерінде кеңінен тарады, үлкен бе-
делге ие болды. Фрейд теориясы көп-
теген шет елдерде психология, пси-
хотерапия, психиатрия оқулықтары-
на берік енген. Фрейдизм бағыты
адам туралы басқа ғылымдарға – со-
циологияға, педагогикаға, антропо-
логияға, этнографияға, сонымен қа-
тар өнер мен әдебиетке ерекше ық-
пал етті.
Фрейдтің еңбектерінде күрделі пси-
хологиялық проблема ретінде адам-
ның сексуалдық өмірі туралы мәсе-
ле қойылды. Фрейдтің түсіндіруін-
ше, жас жеткіншек балалардың әр
түрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейім-
ділігі оларды жыныстық инстинктер-
дің билеуінен деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: