Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет627/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ПСИХ

ПСИХ


443

ды,  оны  ойланбай-ақ  психикалық 

күйді реттейтін түрткіге айналдыру- 

ға болады.



ПСИХИКАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ – пси- 

хикалық  аппарат  пен  психикалық 

көріністің  негізін  өлшеуге  лайықты 

энергия түрі. П.э. туралы алғаш сөз 

қозғаған  З.Фрейд  оны  либидолық 

және агрессиялық деп екі түрге бөлді. 

Либидолық  және  агрессиялық  энер- 

гия бір-бірімен араласқанда энергия- 

ның  бейтарап  күйі  қалыптасатынын 

ескертті.  Аналитикалық  жұмыстар 

психикалық  энергияның  кейде  жік-

гелмеген бейтарап күйде болатынын, 

кейде көңіл күй толқуында, елігуін- 

де өлшенуге лайық энергияның бас- 

тапқы  жіктелмеген  күйі  кезігетінін 

айқындады.  Адамның  ойы,  елігуі, 

бейнесі  психикалық  энергиямен  әр- 

түрлі  дәрежеде  байланысты,  яғни 

катексистік  күйде  болатыны  дәлел- 

денді.  Катексисте  П.э.  бірде  құбыл- 

малы,  бірде  бейтарап  күйде  көрі- 

ніс табады да, көңіл жайын бір ықы- 

ласқа  шоғырландырады  не  одан 

ығыстырады.  П.э.  қызметіне  қарай 

мотивациялық,  қозғаушы  себепке 

жарарлық  және  қолданбалы  құрал- 

дық түрлерге бөлінеді.

ПСИХОАНАЛИз.  Псхологиядағы 

бағыттың  негізін  салған,  оның  тео-

риясы  мен  қолданбалы  мәселелерін 

түгел ұсынған австриялық психиатр 

және психолог Зигмунд Фрейд. Пси-

хоталдау бағыты өкілдерінің бахеви-

ористерден, гештальтпсихологтардан 

айырмашылығы психологияда ғылы- 

ми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл 

және  жаратылыстану  ғылымдарына 

бағдарланған  жоқ, ал  олар тоқырау- 

дан шығудың жолын медицина және 

психологияның өз шеңберінде табуға 

ұмтылды.


Фрейдизм, оның негізі мынада – адам 

туралы  психологиялық  білімді  жа- 

ңа  өмір  шындығымен  толтыруға, 

практикалық  психологиялық,  ең  ал- 

дымен  психотерапевтік  міндеттерді 

шешу үшін пайдалы теорияны құру- 

ға  және  ақпаратты  қабылдауға  ұм- 

тылды.


Фрейд  өзінің  ғылыми  ізденістерін 

психотерапевтік  тәжірибені  талдау- 

дан  және  жинақтаудан  бастауы  кез- 

дейсоқ емес, содан кейін жинақтаған 

тәжірибені  психологиялық  теорияға 

айналдырды.

Фрейдизм негізгі ұғымдарына «сана» 

және  «санасыздық»  немесе  «бейса-

на»  жатады.  Психоталдау  ілімінің 

болашақ тағдыры және оған көзқарас 

әр түрлі елдерде түрліше қалыптасты. 

Алғашында Фрейдтің ең жақын шә- 

кірттері  мен  ізбасарлары  және  пси- 

хиатор-дәрігерлердің  кейбіреулері- 

нен  басқалары  оған  өте  салқын  қа- 

тынаста болды. Кейіннен психоталдау 

бағытын жақтаушылар Германия мен 

Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні 

бүгінге дейін кеңінен таралды.

Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылда-

рында  кеңес  психолог-ғалымдары 

оған  қызығушылық  танытты.  Сол 

кезде  үстемдік  еткен  субьективтік 

идеалистік  психология  бұл  ілімнен 

материалистік балалықтың бірден-бір 

мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-

жылдары, психологиялық зерттеулер- 

ді  шектеумен  бірге  («Халық  ағарту 

комиссариаты жүйесінде педология- 

лық  бұрмалаушылықтар  туралы» 

белгілі  қаулыда)  З.Фрейдтің  ілімі 

қатты сынға алынды. Осы қаулыдан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет