Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет670/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

РЕФЛ

РЕФЛ


470

лекстеу»  термині  сананы  өз-өзіне 

үңілдіруді  өз  психикалық  күйіне  ой 

жүгіртушілікті сипаттайды.



РЕФЛЕКСТІҢ  ЖАСАЛУ  ЖОЛ- 

ДАРЫ.    Жүйке  жүйесінің  қызметі 

рефлекс  арқылы  жүзеге  асырады. 

Рефлекс туралы алғаш айтқан фран- 

цуз ғалымы Ренэ Декарт (1596–1650). 

Рефлекстің  биологиялық  сипатын 

чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749– 

1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете 

білді.  Рефлекс  терминін  ғылымға 

ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын 

сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағы- 

наны білдіреді. Рефлекс сырттан не- 

месе  іштен  келетін  тітіркендіргіш- 

терге организмнің қайтаратын жауап 

реакциясы. Жануарлар мен адамдар- 

ға  туысынан  көптеген  рефлекстер 

беріледі.  Мәселен,  электр  тогымен 

тітіркендіргенде  иттің  аяғын  лезде 

тартып алуы, жарық түскенде көздің, 

сығырая қалуы, жаңа туған баланың 

анасының емшегін еме бастауы т. б. 

осы  айтылған  рефлекстің  сан  алуан 

фактілері.

Шартсыз  рефлекстердің  жүйке  жү- 

йесі арқылы жасалу жолын рефлекс 

доғасы деп атайды. Рефлекс доғасы- 

ның  бөліктері:  рецептор  (сезім  мү- 

шесі), өткізгіш жүйке мен қозу про- 

цесі  пайда  болатын  орталық  жүйке 

жүйесінің  тиісті  бөлімі  және  орта- 

лықтан  жұмыс  аппаратына  (сілекей 

шығаратын  бездер,  бұлшық  еттер) 

келетін жүйкелер.

Рефлекс доғасының күрделі түрі ми 

қабығының  жұмысына  байланысты. 

Ми  жұмыс  органына  хабар  жіберіп 

қана  қоймай,  ол  өзінің  жолдаған 

хабарынан мағлұмат алып та отырады. 

Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол 

үзген болар еді де, организмдегі түрлі 

тітіркендіргіштерге  ретімен  жауап 

беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі 

жақтан хабарлаудың арқасында ғана 

ми  айналадағы  құбылыстар  тура- 

лы  дұрыс  мәлімет  алып,  нақтылы 

мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыт- 

тай  алады.  Кейінгі  зерттеулерде 

рефлекстердің  жасалу  дәстүрі  үш 

мүшелі  доға  принципіне  шектел- 

мейтіндігі,  яғни  рефлекс  қызметі 

жұмыс  органына  келумен  бітпей  ол 

сонымен  бірге  миға  қайтадан  ха- 

бар  жеткізіп  отыратындығы  белгілі 

болып  отыр.  Кибернетика  ғылымы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   666   667   668   669   670   671   672   673   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет