475
САҚТАУ – психологияда естің не-
гізгі үрдістерінің бірі ретінде қарас-
тырылады. Есте қалдыру дегеніміз –
жаңадан қабылданған бейнелер
мен материалдарды, олардың мәнін
есте бұрынғы сақтағандармен бай-
ланыстырып отыру. Есте қалдыру үр-
дісі талғамалы. Өйткені біз сана-
мызға бұрын әсер еткен нәрселер
мен құбылыстардан, болмыс пен оқи-
ғалардан өмір мен тіршілікке қажетті
материалдарды ғана тұрақтандырып,
жадымызда қалдыруды мақсат ете-
міз. Есте қалдыру, арнайы есте қал-
дыру, еріксіз есте қалдыру болып екі-
ге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына
арнайы мақсат қоймайды. Ал ар-
найы есте қалдыру үшін мынадай
шарттар қажет: 1) арнайы мақсат
қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте
қалдырудың әлеуметтік, тәжірибелік
мәнінің адам қажетіне байланысты
болады; 3) есте қалдыруды жоспар-
лап, оқыған материалдардың жемісі
мен оның ішінен еске түсерлік тү-
йінді мәселелердің ізін, мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін
оларды ойлау үрдісімен тығыз ұш-
тастыру: 5) қабылдаған нәрселердің
байланыс жүйелерін, тірек боларлық
желісін табу: б) қабылдаған нәрсе-
лерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп
қажетті материалдарды есте қалды-
руды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын
дұрыс ұйымдастыра білу; 8) саналы
түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адам-
ның ақыл-ой кені болып саналатын
ес пен жадында сақтауын дамытып
отыруға пайдалы ықпал етеді. Есте
сақтаудың тиімді тәсілі мен жемісті
болуы қажетті материалдарды қай-
талап (жаттап) алуға байланысты. Бұл
тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жү-
йесі бар. Кез келген (қайталау) жат-
тау жемісті бола бермейді. Ғылымда
есті дамытуға арналған жаттау тәсі-
лін – мнемоника деп атайды Бұл ла-
тын сөзінен шыққан. Мәнісі – қайта-
лап жаттап алу амалы, есте сақтауды
дамытудың тиімді жолының бірі.
САЛАҚТЫҚ – адамға қолайсыз қа-
сиеттің бір түрі. Бұл ұғым жеке адам-
ға да, соңдай-ақ кейбір отбасы, ошақ
қасына байланысты да айтылады.
Мәселен, кейбір үйлерде қыл-қыбыр
есіктен төрге дейін шашылып жатады.
Осы үйдің дастарқаны да ондағы
ас-суы да, кесе-шәйнек, ыдыстары
да кір-қожалақ болып келеді. Кө-
шеде үсті-басы мұнтаздай болып
жүргендердің кейде үйі адам көргі-
сіз лас болып тұрады. Мұндай сүрең-
сіз көріністер, әсіресе әйелдер ара-
сынан аз кездеспейді. Ал, ол үйдегі
тыныс-тіршілігінің берекесі, жас
ұрпақ тәрбиесінін тұтқасы әйелдер-
дің төрт түрі туралы Қорқыт баба-
мыз айтқан екен. Мәселен, ол әйел-
дердің бір тобы – отбасының құты
Достарыңызбен бөлісу: