472
рефлекс туғызбайтын, бейтарап ті-
тіркендіргіш – жарық болса, мида қо-
зудың екі алабы (бірі – көру, екінші-
сі – тамақтану орталығында) пайда
болады. Қозудың осы алаптарынын
арасында екі тітіркеңдіргішті қосар-
ландыра қанталаған сайын нығайып
отыратын жүйке байланысы жаса-
лады. Тамақ жарыққа қарағанда жа-
нуардың тіршілігі үшін аса қажетті
тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы
тамақтану орталығы көру орталығы-
на қарағанда күшті қозады. Күшті
қозған тамақтану орталығы өзінен
баяу қозған көру орталығының қозу
процестерін өзіне тартып алады.
Осыдан барып бұл екеуінің арасында
байланыс жасалады. Мұны И.П.Пав-
лов ми қабығындағы уақытша жүй-
ке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нә-
тижесінде ит кейін жарық жағылып,
тамақ берілмесе де сілекей шығара
береді. Жеке алғанда итке мүлдем
қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш
болып табылатын жарық тамақпен
бекіндірілгеннен кейін ит үшін био-
логиялық маңызы бар тітіркендір-
гішке айналып отыр.
Осындай организмге қажетті құбы-
лыстады білдіретін көптеген сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен пайда
болатын ми қабығының қызметін
сигналдық қызмет деп атайды. Жо-
ғарыдағы мысалда жарық тамақтың
сигналы болып отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда
да, сыртқы ортаның өзгерген жағ-
дайларына байланысты да жасалып
отырады. Мысалы, көптеген көпте-
ген жабайы аңдар адамды алғаш
көргенде сенбеуі мүмкін. Бірақ, адам
оларды ұстай бастаса, жануарлар
өз мінез-құлқын өзгертетін болады.
Олар адамды көрісімен тығылуға не
қашуға тырысады. Демек, бұл жағ-
дайда жасалған рефлекс аңдар тірші-
лігі үшін өте пайдалы шартты реф-
лекс екендігі түсінікті.
РЕЦЕПТОР – дененің үстінде не-
месе оның ішінде орналасатын, жә-
не табиғаты жағынан әртүрлі тітір-
кендіргіштерді физикалық, химия-
лық, механикалық және т.б. – қабыл-
дауға және оларды жүйкелік электр
импульстарына түрлендіруге арнал-
ған арнайы органикалық құрылғы.
Эволюция барысында әрбір рецеп-
тор белгілі бір тітіркендіргішке ар-
найы бейімделе отырып, дамыған.
Осылайша, тангорецепторлар сипап
сезуді сезінуге, аусторецепторлар
дәм сезу тітіркендіргіштерін түйсі-
нуге, стиборецепторлар – иіс сезуге,
фонорецепторлар – дыбыс-тық ті-
тіркендіргіштерді және фоторецеп-
торлар (немесс сәулелік) рецептор-
ларды түйсінуге бейімделген. Алай-
да кейбір парадоксалды жағдайлар-
да адекватты емес тітіркендіргіш
белгілі бір рецепторға әсер ете оты-
рып, оған тән түйсіктерді тудыруы
мүмкін. Осылайша, мысалы, электр
тоғы немесе күшті қысым көздің
жарығын тудыруы мүмкін (мысалы,
соққы кезінде көзден ұшқын шыға-
ды). Бұл өте сирек жағдайларда бо-
лады. Ал, жалпы алғанда, түйсіктер
арнайы сезім мүшелері (анализатор-
лар) арқылы тек өзіне ғана тән тітір-
кендіргіштерді түйсінуге арналған,
яғни көбінесе объективті болып ке-
леді. Бұл жерде тағы бір ескеретін
Достарыңызбен бөлісу: