Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет675/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

РУБИНШТЕЙН  МОЙСЕЙ  МАТ- 

ВЕЕВИЧ  (1878-1953)  –  орыс  ғалы- 

мы, психология ғылымдарының док- 

торы, профессор. Ол 1918 жылы Ир- 

кутскідегі  Шығыс-Сібір  универси- 

тетінің  тұңғыш  ректоры.  1941-1943 

жылдары Красноярскідегі пединсти- 

туттың психология және педагогика 

кафедрасының  меңгерушісі  болған. 

Халқымыздың ұлы ақыны М. Жұма- 

баев  өзінің  1922  жылы  жазылған 

«Педагогика»  атты  еңбегінде  осы 

орыс  ғалымының  «Педагогикалық 

психология»  очеркіне  (көлемі  500- 

беттей), ерекше мән беріп, мұның не- 

гізгі  қағидаларын  қазақ  жанымен 

қалайша  орайластырғандығын  атап 

өтеді.  Бұл  жөнінде  ол  былай  дейді: 

«Тәрбие  ғылымдарының  фактілерін 

талдап алуға ұмтылдым, шамам кел- 

генше  оларды  қазақ  жанына  қабыс- 

тыруға  тырыстым,  көп  пайдаланға- 

ным Рубинштейн еңбектері еді, бірақ 

кітапты жайып қойып көшіре берге- 

нім жоқ. Мағжанның «Педагогикасы» 

бар  болғаны  100  беттей  ғана,  оның 

90  пайызы  психология  мәселелері. 

Осынау  туындының  құнарлы  тілі, 

көшпенді халық тұрмысының жанды 

бейнелері  автор  тұжырымдарының 

өзіндік  саналылығы,  қазақ  өмірінен 

алынған    нақты  деректері,  олардың 

ой-сезім, түйсік-таным арқылы өріл- 

ген  таза  ұлттық  рухы  –  мұның  төл 

тұлпары  екенін  жақсы  аңғартады. 

М.М.  Рубинштейннің  негізгі  еңбек- 

тері:  «Очерки  педагогической  пси- 

хологии» (М., 1920), «Психология и 

педагогика  и  гигиена  ранней  юнос- 

ти»  (М.,  1926),  «Воспитание  чита- 

тельских интересов» (М., 1950) т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет