САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИ-
КАЛЫҚ ӘДІС – жазба жұмыста-
рын, эпистолярлық мемуарларды,
адамның басынан өткізген оқиғала-
рын, естеліктерін зерттеп, оның әр-
түрлі психологиялық ерекшеліктерін
(өзгешеліктерін) білу. Балалардың
немесе үлкендердің психикалық әре-
кеттерін зерттеу кезінде оларды бір-
бірімен салыстырып, ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын анықтайды.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ПАТОЛО-
ГИЯЛЫҚ ӘДІС – психология ғы-
лымындағы адамды зерттеу әдісте-
рінің бірі. С. п.ә. арқылы зерттегенде
ақыл-ой әрекеттері зақымдалган
ауру адамдардың психологиясы де-
ні сау адамның жан дүниесімен
салыстырылып, оның арасыңдағы
айырмашылықтар мен өзгешеліктер
қарастырылады. Мысалы, сөйлеудің
бұзылуын, қимыл-әрекеттеріне за-
қым келуін, естің бұзылуын, ұмыт-
шақтықты және т.б. қалыпты психи-
калық әрекеттермен салыстырып
талдаудың ғылыми мәні зор, С. п.ә.
физиологияда, психология мен меди-
цинада көп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |